Қала әкімі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Семей қаласының ақпараттық орталығы Семей қаласының ақпараттық орталығы
Е. Жүнісовтің айтуынша, институттың 2023 жылға дейінгі даму жоспары дайындалды.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының(ҒЗИ) ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Басшылық қызмеітіне ҒЗИ орынбасары болған Талғат Молдағалиев тағайындалды.

- Ғылыми-зерттеу институында жаңа мүмкіндіктер пайда болды, - деді Ермак Бидахметұлы. - Институтта үлкен тәжірибе жинақтаған кәсіби ұжым бар. Осы білікті мамандар ғылыми мекемені одан әрі дамытуға бар күш жігерін салатын болады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-06/thumbs/1561462285_img-20190612-wa0013.jpg

Қоғамдық кеңестің соңғы отырысында медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісов 2018 жылдың соңында ҚР Үкіметінің қаулысымен "Радиациялық медицина және экология ҒЗИ" медицина университетімен қайта құрылғанын хабарлады.

Е. Жүнісовтің айтуынша, институттың 2023 жылға дейінгі даму жоспары дайындалды. Осы бағдарлама шеңберінде ҒЗИ материалдық-техникалық базасын жақсарту, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу, ғимараттарды абаттандыру және күрделі жөндеу жоспарлануда.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-06/thumbs/1561462255_img-20190612-wa0014.jpg

-2019-2023 жылдары ҒЗИ материалдық - техникалық жабдықталуын жақсарту үшін инвестиция жолымен 1 млрд.теңгеге дейін бөлінеді, - деді университет ректоры. - Ғылыми қызметкерлердің, дәрігерлік және медициналық қызметкерлердің еңбекақысын 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 30 пайызға көтеру жоспарда бар.

Алдағы жылдары радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты қызметін жоғары деңгейіге шығаратын оң өзгерістер күтілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз