Қостанайда бойжеткен жатақхана терезесінен құлады

temavoronezh.ru temavoronezh.ru
Оған "омыртқаның жабық сынығы" диагнозы қойылды. Жағдайы ауыр.

Қостанай қаласында 17 жасар колледж студенті жатақхананың үшінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Қостанай қызмет көрсету колледжінің жатақханасында болған.

"26 маусым күні сағат 01:30-да облыстық балалар ауруханасына 17 жасар қыз түсті. Ол жатақхананың терезесінен құлап кеткен. Полиция бұл факт бойынша тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Бойжеткеннің колледж студенті екені анықталды. Оған "омыртқаның жабық сынығы" диагнозы қойылды. Жағдайы ауыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз