Жаңалықтар тізбегі
0

Нан берсек банан сұрады

Facebook/Қажымұхан Абзалов, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2019 15:37 Facebook/Қажымұхан Абзалов
Айқайлай берген әр қатынға үй бере берсек – қалғанының бәрін "бетпақ" қылып бітеміз.

Арыстық ағайындарды түгел кінәламасаңыздар екен. Жалпы 50-ге жуық эвакуациялық пунктінің екі-үшеуі шеруге шыққан шығар. Оған бәрі кінәлі емес, деп жазады желіде қоғам белсендісі Қажымұхан Абзалов, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсінікпен, кешіріммен қарадық

– Біздің қамқорлығымызға кірген 600-700дей адамның билікке не бізге қатысты айтылған өкпесін көрмедік. Енді бірен-сараңы су берсек сүт, нан берсек банан сұрады. Түсінікпен, кешіріммен қарадық. Елдің берген ақшасын елдің өзінен аямадық. Шүкір, дос-туыс арттырдық, нөмір алмастық, үйлеріне шайға да шақыратын болды, – дейді пост авторы.

Арыс қауіпті болса жарылысқа дейін неге келмеді?

– Ал, мына Шымкент плазадан шай ішкісі келген тойымсыз жігіттерді түсінбедім. Біз көмек берген жұрттың ішінен еңгезердей еркек пен боянғыш қыздарды көп байқамадық. Кілең ана мен бала, әже мен ата, немере. Қалғаны қайда? Олар көшеде. Ата-бабасы тұрып келе жатқан ата мекенін тастап қалаға келмекші. Арыс қауіпті болса жарылысқа дейін неге келмеді, үйін сатып неге қалаға көшпеді? Әкімдікі дұрыс. Он-он бес жыл бойы пәтер жалдап, үкіметтен үй сұрап келе жатқан елді қайтеміз? Аузы көпіріп, айқайлай берген әр қатынға үй бере берсек қалғанының бәрін "бетпақ" қылып бітеміз. "Біз соғыс көріп келдік" деп бүкіл елді соғыстырып қоймақшы. Арандатушы келіп, арам ой салып жіберген да, не өртенбей қалған ескі үйін жаңа пәтерге ауыстырмақшы. Ал, бір наны қалса жарты нанын садақа еткен халықтың ниеті ше, ойы бұзық адамға жақсылық та қызық емес екен. Бір Аллаға мәлім, – деді ол тағы.


Сыйлыққа қимайтын су жаңа киімдер берілді

– Базар қарыштап шығып келе жатсам соңымнан бір сатушы жүгіріп келе жатыр, "Аға мынау менің қосқаным болсын" деп ешкімге көрсетпей қолыма ақша беріп. Осы ғой қазақ деген. Алла куә, әр келген сайын 200 мың теңгеге сауда жасаймыз әрі тең жартысын тегін аламыз. Этикеткасы алынбаған, сыйлыққа қимайтын су жаңа киімдерді садақаға беріп жатты жұрт. Ұялы телефон таратайын деп келген жомарт жігіттерді тоқтатып, қайтардық. Әйтпесе біздің жамағат та шеруге шығып кетер еді, – дейді тағы.

Жақсылар көбейсе жамандық жұтылып кетеді


– Елге бәле келсе қай тобырдың кесірі екенін, жақсылық жуыса қай халықтың пейілі екенін көзбен көргендей болдым. Жақсылар көбейсе жамандық жұтылып кететінін естен шығармайық. Кейбір тоқтықтан пайда болған ашкөздер үшін оянған мейірімді ұйықтатып алмайықшы, қазақтар, – деп жазылғандай аяқталады блогердің жазбасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: