Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

"Гарантия береміз". Билік Арыста экологиялық қауіп жоқ дейді

Бүгінгі таңда Арыс қаласында радиация жоқ, атмосфералық ауа таза, су және топырақ ластанбаған.

Сурет : әлеуметтік желілер28 Маусым 2019, 09:42

Ордабасы ауданы, Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы орта мектепте орын тепкен штабта ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Арыс қаласында жүргізілген зертханалық зерттеулер, радиациялық фон, ауаның, судың және топырақтың сынамалары жөнінде журналистер қауымына брифинг берді, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс өзенінің жер үсті суларына бақылау айына бір рет Арыс өзені бойында орналасқан су бекетінде жүргізіледі. Биылғы жылғы 27 маусымда Экология департаментінің мамандары Қазгидромет мамандарымен бірге Арыс өзенінің суы мен топырағынан 100-ден астам сынама алып, радиациялық бақылау жүргізген. Сынақ зертханасы тұрақты түрде ауаға, топыраққа және суға мониторинг жүргізеді.

"Бүгінгі таңда Арыс қаласында радиация жоқ, атмосфералық ауа таза, су және топырақ ластанбаған. Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Арыс қаласына экологиялық қауіпсіздігіне кепілдік береді", – деп атап өтті.

Айта кету керек, Түркістан облысы бойынша экология Департаментінің зертханасы толығымен заманауи құрылғылармен жабдықталып және осы ылдың көктемінде аккредитациядан өткен.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер