Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Көлсай көлінен медуза табылды

Орта Көлсай суының температурасы жазда 15-16 С градустан аспайды, одан төмен температурада медуза тіршілік ете алмайды.

Сурет : Сәкен Ділдахмет/Facebook5 Шілде 2019, 12:26

Орта Көлсай көлінің суынан алынған сынамадан медуза табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-нің бұл жаңалығымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет бөлісті.

– "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының" бас бөлімшесінің мамандары соңғы үш жыл бойы (2016-2019 жж.) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды зерттеу аясында Орта Көлсай мен Төмен Көлсай көлдерінің фаунасын мамандары зерттеген. Гидробиология және гидроаналитика зертханасының қызметкерлері екі көлдің зообентосы (төменгі омыртқасыздар) құрамын талдаған. 2017 жылы Көлсайдың тұщы суынан медуза табылды, – деді Ділдахмет.

Оның айтуынша, біздің суларда медуза тым сирек кездеседі. Қазақстан аумағындағы табиғи жағдайда медузалар көбіне Каспий теңізінің суларында тіркеледі. Алайда, соңғы жылдары баспасөзде ара-тұра жылы тұщы суда тіршілік ететеін медузалардың кездескені туралы ақпараттар пайда бола бастады. Бұған дейін медузалар Тоғыз көлінде (Шымкенттің жанында , 2010 ж.), Рыбинск су қоймасы аймағындағы Волга өзенінен және т.б. жерлерден табылған.

– Limnocnida tanganyicae және Craspedacusta sowerbii тектес медузалардың дамуы мен көбеюіне жол ашатын басты факторлардың бірі – судың температурасы. Орта Көлсай көлінде жазғы мезгілдегі судың температурасы 15-16 C-тан аспайды, мұның өзі медуза тіршілік ете алатын температураның ең төменгі шегі. Көлге медузаны туристер немесе құс әкелуі мүмкін, өйткені мұндай төмен температурада медузаның көбеюі мүмкін емес. Оның үстіне, көлден медузаның табылуы дерегі осы жағдайдан кейін қайталанған жоқ, – дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Бұл жағдай ерекше қорғалатын аумақтардың бірегейлігін сақтау үшін бөтен түрлердің еніп кетпеуін бақылау, жануарлар әлемінің жай-күйін қадағалау қажеттілігін көрсетеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер