Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Үкіметі америкалық компаниялармен өзара меморандумға қол қойды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2019 17:48 primeminister.kz
Келісімнің мақсаты - Қазақстанда қуаттылығы жылына кемінде 1000 жүйе болатын, инвестициялар көлемі 50 млн долларды құрайтын заманауи ирригациялық қондырғыларды шығаратын зауыт салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру.

ҚР Үкіметі мен Valmont Industries ТҰК ауылшаруашылығы кешені саласында инвестициялық ынтымақтастықты іске асыру туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап, Zakon.kz.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Үкіметі мен америкалық компаниялардың ауылшаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылы жөніндегі құжаттарға қол қоюына қатысты.

Жерлерді суару саласындағы жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша Өзара түсіністік туралы Меморандумға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен Valmont Industries президенті, бас директоры Cтив Каневски қол қойды.

Жоба суару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жем-шөп өндіру, фермерлерді оқыту мен тренинг өткізу, білікті кадрлар даярлау саласындағы озық технологиялар трансферті бойынша фермалар желісін құруға бағытталған. Заманауи ирригациялық қондырғылар ұсынылатын алаңдарды Ақмола және Түркістан облыстарында құру жоспарланған.

Өз кезегінде, Valmont Industries, Global Beef (АҚШ) және Kusto Group (ҚР) арасында қол қойлыған келісімнің мақсаты - Қазақстанда қуаттылығы жылына кемінде 1000 жүйе болатын, инвестициялар көлемі 50 млн долларды құрайтын заманауи ирригациялық қондырғыларды шығаратын зауыт салу бойынша бірлескен кәсіпорын құру.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: