Жаңалықтар тізбегі
0

Тамара Дүйсенованың орнына Әлібек Әлденей келді

Твиттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2019 18:15 Твиттер
Ол алдында Алматы қаласы қоғамдық дамыту басқармасының жетекшісі боп қызмет атқарған.

Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы боп тағайындалды. Бұл туралы бүгін өзінің Тwitter-дегі парақшасында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Елбасы "кері байланысты" күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Көшбасшысының келісімімен Әлібек Әлденей "Nur Otan"-ның хатшысы болып тағайындалды",-деп жазды Байбек.

Әлібек Әлденей - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Көп жылдар бойы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында лауазымды қызметтерде жұмыс істеді.

Соңғы жұмыс орны - Алматы қаласы қоғамдық дамыту басқармасының жетекшісі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: