Жаңалықтар тізбегі
0

Көңілдесімен ұсталған шымкенттік Әсия өз шындығын айтты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2019 21:48 видеодан алынды
Азаматтық некедегі бұрынғы күйеуі өзі сыйға тартқан зат ішіндегі GPS арқылы оны аңдып, ұстап алған екен.

Көңілдесімен ұсталған Әсия деген келіншектің видеосы әлеуметтік желілерде көптеп тарап, елдің қызу талқысына түскен. Сөйтсек ол Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты. Зардап шегуші Әсия Байжарқынова осы жайтқа байланысты барлық шындықты айтып, "Пендеміз ғой" бағдарламасына сұқбат берді деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіншек айтуынша, оның балалары өсіп, алды бойжетіп қалған. Міне, сол балаларының тағдырына осы желідегі бір ыңғайсыз оқиға көлеңке түсірмес үшін ол телеарнаға арнайы келіп, ашық сұқбат беруге келіскен екен.

"Менің екі қыз, бір ұлым бар. Ең алғаш 18 жаста тұрмысқа шықтым. Алып қашқан. 2009 жылы күйеуім қайтыс болды. Сол кезде балаларды алып, Түркістан облысы Төлеби ауданындағы ата-анамның үйіне барып тұрдым. Жұмысқа тұрдым, одан бөлек демалыс күндері тойға шығып ән салып жүрдім. Бір жылдан соң әйелімен ажырасқан бір еркекпен көңіл қостым. Сол кезде балаларымды ата-анама тастап, өзім Шымкентке кеттім", - дейді ол.

Ажырасқан тіс дәрігері Әсияның Шымкентте жалдап жатқан пәтеріне өзі келіп кіріп алған екен. Некелерін мешітте кестіріпті. Бірақ бұл некені олар елден құпия ұстаған. 2011 мен 2014 жылдары екі рет одан бала көтереді. Бірақ ер адам үйіне ешқашан жарытып ақша әкелмепті. Керісінше, уақытша тұрып жатқан адам секілді қалай болса солай жүре берген. Көбіне ақша үшін араларында кикілжің туындап отырған. Ақырғы рет екінші баласына аяғы ауыр кезде ұрсысқанда олар түбегейлі кетісетін болып шешеді.

"2014 жылы аяғым тағы ауыр болды. Ақша жоқ, өзіміз жалдамалы пәтерде тұрамыз. Тағы ұрсыстық. Сол кезде қатты ұрсысып, сол арада ол кісі маған үш рет талақ деп айтты. Сөйтіп Алматыға кетіп қалды. Оның дүниесі де жоқ болатын. Содан айттым, болды осы ажырасқанымыз ажырасқан, енді мені мазалама дегем", - дейді келіншек.

Бірақ ер адам арасында бәрібір балаларды сылтау қылып Әсияға келіп жүріпті. Сондай бір келісінде ол Әсияға сыйлық жасапты.

"Антипаристерн деген құрылғы болған алдында онда. Ол ауадағы бактерияларды өлтіреді. Сол секілді кішкене темір құрылғы әкеп берді. "Ауырып жүрсің ғой, мынаны мойнына тағып ал, микробтарды, жаман энергияны жояды", - деді. Содан сеніп, оны мойныма тағып алдым. Сөйтсем ол GPS болып шықты. Сонымен ол мені сыртымнан бақылап жүріпті. Мен оны білмеймін. Бірақ қашанғы ер-азаматсыз жүремін. Арада бір жігіт пайда болған. 4 ақпанда мен Ташкентке емделуге шықтым. Сол жігітпен сол күні кездестім. Таңғы сағат алты жарымда ол жігіт пәтерден шығып, көлігін от алдырғалы жатқанда адамдар үстінен сау ете түседі. Менің азаматтық некеде болған күйеуім, соның әкесі мен қарындасы және тағы бір адам. Әлгі төрт адам ана жігітке шыққан жеріне апар деп оны қысастап, қорқытады.

Сөйтсе олар ЖПС арқылы біз тоқтаған ауданға дейін, тіпті үйдің ауласына дейін тауып келген. Бірақ қай пәтерде екенімізді білмей, дал болған. Сол кезде менімен болған жігітті олар пышақпен қорқытып, есікті қақтырады. Мен ұйықтап жатқам, кім десем, жігіттің дауысы шықты. Ойымда түк жоқ , есікті аша салғаным сол еді, үйге лап қойғандар мені бас салып сау-тамтығымды қалдырмай сабады. Үстімде майка ғана болған. Қайынатам болған соң үстімді жаймамен жабуға тырыстым. Сөйтсем соның бәрін қарындасы видеоға түсіріп тұрыпты", - дейді ол.

Онда да бұл видео бір жыл бұрын түсірілген екен.

"Сол оқиғадан соң күйеуім: "Болды, енді сені көрмеймін" деп кеткен. Қайда, арада 3 күн өткен соң түк болмағандай кеп тұр. Кешірші дейді. Қалай кешіресің мынандай жағдайдан соң", - дейді келіншек.

Бағдарлама жүргізушісі Әсиядан неге ажырасып кеткен күйеуіңізден видеода кешірім сұрай бересіз деп сұрады.

"Олар мені бас салып түгімді қалдырмай сабады. Видеоға түрімді де түсірмек боп әбден әлектенді. Олардан құтылу үшін, арындарын басу үшін кешіріңдер дей беріппін. Мен шоковый жағдайда болдым", - дейді ол.

Оның пікірінше, бұрынғы азаматтық некедегі күйеуі бұл видеоны туған-туыстары алдында өзін ақтап алу үшін түсірген.

- Енді оған кінә қойылады ғой. Не ана әйелді, не мына әйелді жарытпадың деп. Содан отбасының бұзылғанына мен емес, әйелдер кінәлі деген секілді әрекеті сияқты менің түсінігімде. Басқа себеп көріп тұрғаным жоқ мен басқа бұл арада, - дейді Әсия.

Бұл оқиғаға байланысты облыстық полиция департаментінде іс қозғалып, тергеу де басталып кеткен екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: