Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бұрынғы әскери қызметкерлер де баспанамен қамтамасыз етілетін болды

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, еліміз бойынша мұндай топқа жататын 700-ден артық әскери қызметкер бар. Жыл аяғына дейін олардың дені баспанамен қамтамасыз етілмек.

Сурет : podrobnosti.ua10 Шілде 2019, 17:22

Былтырғы жылдан бастап әскерилерге арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған. Сол бағдарлама бойынша қазір жұмыс істеп жүрген әскери қызметшілер ғана емес, сонымен қатар 10 жылдан 20 жылға дейін қызмет жасап, осы саладан кетіп қалған әскерилер де үйлі бола алады деп хабарлайды Хабар24.

Бұл жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешпек. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі еліміздің ірі қалаларында жекешелендіруге жатпайтын баспаналарды айырбастау жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр.

Дастан Қабдуллаев осы жылдар ішінде отбасымен әскери бөлімнің жекешелендіруге жатпайтын пәтерінде тұрып келген еді. 2016 жылы зейнеткерлікке шықты. Алты балалы жанұя баспана мәселесін шешуге келгенде жаңа бағдарламаның мүмкіндігіне сүйенді.

– Үй алып жатқанымызға бір ай ғана болды. Балалар кең жерге келіп аунап-қунап жатыр, мектепке де жақын екен. Бала-шағамызбен осы үй бұйырып тұр екен. Қорғаныс министрлігіне көп рақмет, қызметкерлерін далада қалдырмай, үймен қамтамасыз етіп жатыр, - дейді бұрынғы әскери қызметкер Дастан Қабдуллаев.

Бұдан бұрын әскери қызметте 10 жылдан астам, бірақ 20 жылдан кем қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан әскери қызметшілер жергілікті атқарушы органдардың есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Ол үшін жұмыстан шыққаннан 3 жыл бұрын үй кезегіне тұру керек болған. Қазір бұл мәселе оң шешімін тапты.

– Тұрғын үй қатынастарына және әскери қызмет туралы заңға өзгерістер енгізілді. 10 жылдан астам, 20 жылдан кем емес әскери қызметте болған. Олар жабық қалашықта тұратын үйлерін ашық қалашықта тұратын үйлерге алмастыру көрсетілді және ол заңмен белгіленді, - дейді ҚР ҚМ тұрғын үй басқармасының бастығы Бауыржан Зекенов.

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, еліміз бойынша мұндай топқа жататын 700-ден артық әскери қызметкер бар. Жыл аяғына дейін олардың дені баспанамен қамтамасыз етілмек. Бүгінгі күні 50 отбасы әскери қалашықтағы пәтерлерін жекешелендіруге жататын тұрғын үйлерге ауыстырып үлгерді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер