Алматы облысында үйлерге түсіп жүрген ұры ұсталды

интернеттен алынған интернеттен алынған
Ол Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Іле ауданының тәртіп сақшылары маусым айының соңынан бастап аудан тұрғындарының мүлкін ұрлауды кәсіп қылған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Күдікті азамат үйлердің құлыптарын бұзу немесе пластик терезелерді сығу арқылы ашып, сатуға болатын дүниелерді үптеп кетіп отырған", - деп хабарлады Алматы облысы ПД ресми өкілі Серік Үпиев.

Полиция өкілінің ақпаратына сәйкес, күдікті тұрғындардың үйінен электр құралдарды, ноутбук, түрлі-түсті металдарды және сатуға тұрарлық дүниелерді ұрлап кеткен. Қолды болған дүниелер сатып алушылардан табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, күдікті келтірген материалдық шығындар есептелуде.

Аудандық полицейлер баукеспе ұрыны кезекті қылмысы үстінде қолға түсірді. Жергілікті тұрғындардың хабарлауымен оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары ұрының қашып кетуіне жол бермеді.

"Ұсталған азаматтың Іле ауданының аумағында маусымның соңы мен шілде айының басында орын алған 9 ұрлық дерегін жасағаны дәлелденді. Қазіргі уақытта аталған деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның өзге де қылмыстарға қатысы бары анықталуда. Күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды", - деп толықтырды облыстық тәртіп сақшылары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз