Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазгидромет: Арыста радиациялық қауіп жоқ

Қазгидрометтегілер Арыстың жарылыс болған аумағындағы ауаны, радиациялық орта мен судың сынамасын ұдайы тексеріп отыр екен.

Сурет : Отырар ТВ11 Шілде 2019, 17:29

Арыста жарылыстан кейін, қауіп сейілгенімен үйлеріне қайтуға бас тартқандар да болды. Өйткені кейбір адам онда радицация бар деп ойлайды. Әлеуметтік желіде тараған осындай негізсіз алып-қашпа әңгімелерге "Қазгидромет" мекемесінің Түркістан облысы бойынша филиалы нүкте қойды деп хабарлайды жергілікті Отырар телеарнасына сілтеме жасап Zakon.kz.

Бұл мекеме Арыста жарылыс болған аумақтағы ауаны, радиациялық орта мен судың сынамасын ұдайы тексеріп отыр екен.

"Судың сынамасын Арыстағы гидробекеттен, Шәуілдірден алдық. 48 көрсеткіш бойынша тексеріс болды, барлығы нормада. Радиациялық қауіп жоқ.

Мекеменің әрбір қызметкері Азаматтық қорғаныс кезінде атқарылатын гидрометеорологиялық шараларды жақсы біледі. Өйткені қандай да төтенше жағдай орын алса, сол аумақтың ауасы және судың құрамы міндетті түрде тексерілуі тиіс. Қорытынды оң болса ғана, халықтың тұруына рұқсат беріледі", - деді инженер-химик Неля Сәрсенбаева.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер