Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Инкассатор түсіріп алған ақшаға адамдар таласа-тармаса лап қойды

Алдын ала дәйек бойынша, инкассаторлар шашып алған ақшаның көлемі шамамен 175 мың доллар, яғни 67 млн теңге болып қалады.

Сурет : видеодан алынды12 Шілде 2019, 09:44

АҚШ-тың Джорджия штатында инкассатор көлігінен бір бума ақша ұшып түсіп, жолда жағалай шашылған деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасап, Zakon.kz.

Бұл оқиға 9 шілдеде Атланта қаласы маңындағы жол орамасында орын алған.Көліктің артқы есігі ашылып кетіп, бір бума ақша ұшып кеткен. Видеода оның артынан келе жатқан көліктің иелері жолдың шетіне тоқтап, жаппай ақшаны жинауға кіріскенін көруге болады.

Данвуди қаласының полициясы осы жайтқа байланысты ресми мәлімдеме жасады.

- Түсінемін, артық ақша кімге керек емес дейсіз? Дегенмен бұл ұрлыққа жатады, сондықтан оны кері қайтарыңыздар! Жолдағы "ақша құйыны" жол-көлік қозғалысына ешқандай кедергі келтірген жоқ шығар деп сенеміз, - деп жазды Facebook-тегі ресми парақшасында полициядағылар.

Алдын ала дәйек бойынша, инкассаторлар шашып алған ақшаның көлемі шамамен 175 мың доллар, яғни 67 млн теңге болып қалады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер