Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Германия канцлері ресми кездесуде өз-өзін ұстай алмай, селкілдеп қалды

Бірі бұл Паркинсон дертінің алғашқы белгілері десе, тағы бірі ол кісінің уланып, содан осындай күйге түсуі ықтимал деп болжам жасаған.

Сурет : dw.com12 Шілде 2019, 10:31

ГФР канцлері Ангела Меркель Берлинде Финляндия премьер-министрі Антти Риннемен кездеуде өз-өзін ұстай алмай, селкілдеп кетті, - деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасап, Zakon.kz.

Тіпті, Германия басшысына өз жағдайын сол арадағы журналистерге түсіндіруіне тура келді.

"Маған мән бермеңіздер. Алаңдайтын дәнеме жоқ. Жұмысымды жалғастыра беремін", - деді дірілдеп-қалшылдаған Ангела Меркель.

Сөйтсе бұл Германия басшысының басындағы бірінші жағдай емес екен. Алдында Берлинде Украина президенті Зеленскийді де қабылдағанда ол осылай жыбырлап-қозғала беріпті. Ол кезде Меркель әбден шөлдеп қалғанын, 3 стакан су ішкен соң бәрі басылғанын айтқан.

Видеоны тамашалаған ресейлік дәрігерлер болса, ол кісіге қатысты диагнозын сырттай жариялап та үлгерді.

Бірі бұл Паркинсон дертінің алғашқы белгілері десе, тағы бірі ол кісінің уланып, содан осындай күйге түсуі ықтимал деп болжам жасаған.

"Вести ФМ" ресейлік радиосына берген сұқбатында World Economy интернет басылымының бас редакторы Александр Сосновский мұның қант диабеті болуы мүмкін екенін болжапты. Сондай-ақ ол мұның уланудың да салдары болуын жоққа шығара алмайтынын жеткізген.

Ал ММУ жанындағы М.В.Ломоносов атындағы билогиялық ғылыми зерттеу институтының неврологы Виктор Шахнович канцлер дертінің екі болжамын алға тартқан.

- Діріл-қалшыл қатты суық тигенде немесе инфекция ағзада дендегенде болады. Егер жасына қарай алатын болсақ, онда ол кісіде Паркинсон басталып келе жатқан секілді. Маңызды кездесу секілді қысылтаяң жағдайда қан қысымы жоғарылап, діріл пайда болады адамда. Паркинсонизм неврологиялық дерттің ішінде 3-4-орында тұр. Оның кеңінен тарауына түрлі себеп бар. Соның бірі - қан тамырларының қысылуы. Сондықтан ол кісіге дәрігерге көрініп, дұрыстап ем қабылдаған жөн, – дейді дәрігер.

https://twitter.com/dw_politics/status/1140966312363118592


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер