Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада тұрмысы төмен отбасыларға үй беру үшін өтініш қабылдау басталып кетті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2019 16:14 ҚазАқпарат
Өтінішті қабылдау мерзімі шектеулі: 17 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін (I-кезеңі).

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй қоры" КММ "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының "Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға кредит беру" бағыты бойынша өтініш қабылдауды бастады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Өтініштер 17 шілдеден бастап 31 шілдеге дейін (I-кезеңі) қабылданады.

Бағдарламаға келесі санаттар бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады:

1) көпбалалы отбасы; 2) толық емес отбасы; 3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасы.

Негізгі бағдарламаның шарттары:

- Жоғарыда көрсетілген санаттардың бірі бойынша тұрғын үй кезегіне тұру;

- Отбасының бір мүшесінің табысы 42500 теңгеден аспауы тиіс;

- Несиелеудің ең көп сомасы - 15 млн теңге;

- Несие беру мерзімі 20 жылға дейін;

- Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10% мөлшерінде;

- Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады;

- Бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификаты тек бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға арналған.

Сондай-ақ осы бағдарлама бойынша 3 кезеңнен өту керек:

Тұрғын үй қорынан жолдама алу;

Жолдамамен ТҮҚЖБ-не жүгіну және өзінің төлем қабілеттілігін растау;

Егер Сіз бастапқы нарықты таңдасаңыз, онда сізді 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификатын алу үшін Достық көшесі, 13 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жолдайды, ал егер қайталама нарық болса, онда ТҮҚЖБ шотына тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын салу қажет. Жолдама алғаннан кейін азаматтар "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ға несие алуға өтінім беруі үшін жолығулары қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: