Оқушы қыз емтихан кезінде босанды

pixabay.com pixabay.com
Оқушы есін тез жиып, аудиторияға оралған.

Гвинеяда тұратын оқушы қыз емтихан кезінде бала туып қалып, жарты сағаттан кейін емтиханға қайта оралды, передает Lenta.ru.

Маму қаласының 18 жастағы оқушысы Фатумата Курума Конде оқуға түсу үшін емтихан тапсыруға келіп, сол жерде толғағы қысқан екен. Ол дереу ауруханаға жеткізіліп, 10 минуттан кейін ұл туды. Ең қызығы, есін тез жинаған қыз сосын аудиторияға қайта оралған.

Курума Конде мені үйде отырғызып қояды деп айы-күні тақалғанын күйеуі мен туыстарынан жасырған екен.

- Бакалавриатқа түсу үшін ешбір емтиханнан қалмаймын деп тырыстым. Осы емтиханға бір жыл бойы дайындалып едім, - деді жас ана.

Емтихан тапсыру орталығының жетекшісі Мохамед Диаките жергілікті БАҚ-та тараған осы оқиғаның шын болғанын растады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз