Биылғы үш айда шет мемлекеттен Қазақстанға 500-ге жуық адам көшіп келген

aeroport.kz aeroport.kz
Оның басым көпшілігі көршіліс Қытайдан қоныс аударғандар.

Биылғы үш айда елімізге өзге мемлекеттерден 500-ге жуық адам көшіп келген, деп хабарлайды "Хабар 24". Оның басым көпшілігі көршіліс Қытайдан қоныс аударғандар.

Олардың саны - 166. Бұдан кейінгі тізімде Моңғолиядан оралғандар тұр. Ұзын ырғасы - 73 азамат. Сондай-ақ Германиядан Қазақстанға 49 адам көшіпті. 239 азамат Алматы қаласы мен Алматы облысына тұрақтаған. Өзгелері елордада тұруды жөн көрген.

Аталған үш айда Отанымыздан 910 азамат кеткен. Оның 561-і Германияға көшсе, өзгелері Қытай мен АҚШ-ты таңдаған. Көшу көрсеткіші бойынша алғашқы үштікте Қарағанды облысы көш бастап тұр. Бұл өлкеден шетелге 149 азамат кетсе, Қостанайдан 109, Алматыдан 106 адам басқа мемлекеттерге қоныс аударған.

"Бұлар - негізінен білім алу мақсатында және жұмыс іздеп кеткендер", - дейді телеарна тілшісі.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2019-07/1564121728_d56323144f3a1284ff0441098960a5c0_l.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз