Жаңалықтар тізбегі
0

"Түркіменбашы капут" деп қуанғандар ұсталуда

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2019 16:05 видеодан кадр
20 шілдеде орыстілді баспасөз Түркіменстан президентін "о дүниеге аттандырып" тастаған болатын.

Түркіменстанда президент қайтыс болды, немесе оның денсаулығы нашар екен, деген өсек таратқандарды жаппай ұстау басталды, полиция күшейтілген тәртіпке көшті, деп хабарлайды "Хроники Туркменистана" басылымының журналистері.

"Түркіменбашы өлді" деген жалған ақпарат тарату – "елдегі жағдайды тұрақсыздандыру" деп бағаланады, әзірге жалған ақпарат таратқан үш адам ұсталды.

Түркімен шоу-бизнесінің жұлдыздары Гурбангулы Бердымұхамедовтың өлімі туралы хабар таратқан адамдарды "отанын сатқан сатқындар" деп "айыптауға" кірісті.

Түркімен комигі Ягшы Гошунов өсек таратушыларды қарғап-сілеп, халықты "отан мен президентті" сүюге шақырды.

20 шілдеде орыстілді баспасөз Түркіменстан президентін "о дүниеге аттандырып" тастаған болатын.

Кейінірек елдің Мәскеудегі елшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: