Шалқарда тұтқиылдан оқ жаудырған күдікті қамауға алынды

ATPress ATPress
Оқыс оқиға демалыс күндері болған.

Шалқарда оқ жаудырып, екі адамды жаралап, бірін өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz.

27 шілдеде таңғы 04.33 сағат шамасында Шалқар аудандық полиция бөлімшесіне Әйтеке би көшесіндегі "Мерей" сауда үйінің маңында атыс болып, үш ауыл тұрғыны ауруханаға жараланып түскені хабарланған. Жарақат алған адамның бірі ауруханада көз жұмған.

Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол өз кінәсін мойындады.

Күдіктінің стадион маңына тыққан 16 калибрлі мылтығы да тәркіленді. ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабына, яғни "Кісі өлтіру" бабы бойыннша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Күдікті қамауға алынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз