Жел жіберіп ойнаған достары бір баланы өлтіріп алды
pixabay.com
Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.
Үндістанның Мадхья-Прадеш штатының Индор қаласында уақытын көңілді өткізбек болған балалар бірінің аузына жел жіберіп, ақыры оны өлтіріп алды, деп хабарлайды Lenta.ru.
28 шілде жексенбіде Кани Ядаваның ішін достары ауаға толтырған. Әкесінің айтуынша, баланы үйіне екі досы алып келген.
"Оның іші ісініп кетіпті. Мен оны дереу ауруханаға апардым. Бірақ дәрігерлер баламның өмірін сақтап қала алмады", - дейді қайғы жұтқан әке.
Өлімнің нақты себебін медициналық сараптама алда көрсететін болады.
"Маған балалар бәрін айтып берді. Олар баламның аузынан зауыттағы ауа компрессоры арқылы ауа жіберген", - дейді марқұмның әкесі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript