Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 2020 жылдың қазан айында халық санағы өтеді

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2019 21:50 altaynews.kz
Ұлттық экономика министрлігіне ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру тапсырылды.

Қазақстан үкіметі 2019 жылдың 19 маусымында "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Қазақстан Республикасының халық санағы 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өткізілсін, делінген құжатта.

Қаулымен бірге ұлттық санақ жүргізудің іс-шаралар жоспары қоса берілген.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға:

- жоспарда қарастырылған шаралардың уақтылы орындалуы қамтамасыз етуісін;

- есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күнінен кешіктірмей ҚР Ұлттық экономика министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат ұсынылсын.

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрлігіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру тапсырылып, ұлттық санақты дайындауға және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық-нұсқаулық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру міндеті жүктелді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: