Жаңалықтар тізбегі
0

Жалғыз "Астана". Еуропа лигасы үшінші кезеңінің жұптары анықталды

"Астана" ФК, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 15:37 "Астана" ФК
"Қайрат" пен "Ордабасы" турнирден шығып қалды.

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесулері ойналып, келесі кезеңде кездесетін жұптар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Андорраның "Санта-Коломасын" 4:1 есебімен ұтқан "Астана" (бірінші матч - 0:0) үшінші раундқа шықты.

Астаналықтардың келесі қарсыласы мальтаның "Валлеттасы" – матчтар тамыздың 8-і және 15-і күндері ойналады, "Астана" алдымен өз үйінде қабылдайды.

Алматының "Қайраты" Израильдің "Хапоэлінен" (Беэр-Шева) 1:3 жалпы есебімен ұтылды (0:2, 1:1), ал шымкенттік "Ордабасы" чехиялық "Млада-Болеславтан" өте алмады - 3:4 (1:1, 2:3).

Еуропа лигасының үшінші раундында кездесетін жұптар:

Чемпиондар жолы

"Сутьеска" (Черногория) - "Линфилд" (Солтүстік Ирландия)
"Маккаби" (Тель-Авив, Израиль) - "Судува" (Литва)
"Арарат-Армения" (Армения) — "Сабуртало" (Грузия)
"Рига" (Латвия) — ХИК (Финляндия)
"Лудогорец" (Болгария) — "Нью-Сейнтс" (Уэльс)
"Сараево" (Босния және Герцеговина) — БАТЭ (Беларусь)
"Дюделанж" (Люксембург) — "Нымме Калью" (Эстония)
"Астана" (Қазақстан) — "Валлетта" (Мальта)
"Шериф" (Молдова) — АИК (Швеция)
"Слован" (Словакия) — "Дандолк" (Ирландия)

Лига өкілдерінің жолы

"Норрчепинг" (Швеция) — "Хапоэль" (Беэр-Шева, Израиль)
"Торино" (Италия) — "Шахтер" (Беларусь)
"Антверпен" (Бельгия) — "Виктория" (Пльзень, Чехия)
"Аустрия" (Австрия) — "Аполлон" (Кипр)
"Фейенорд" (Голландия) — "Динамо"(Грузия)
"Брондбю" (Дания) — "Брага" (Португалия)
"Молде" (Норвегия) — "Арис" (Грекия)
"Локомотив" (Пловдив, Болгария) — "Страсбур" (Франция)
"Тун" (Швейцария) — "Спартак" (Ресей)
"Стяуа" (Румыния) — "Млада-Болеслав" (Чехия)
"Пюник" (Армения) — "Вулверхэмптон" (Англия)
"Мидтьюлланд" (Дания) — "Рейнджерс" (Шотландия)
"Мариуполь" (Украина) — "АЗ Алкмаар" (Голландия)
АЕК (Кипр) — "Гент" (Бельгия)
"Легия" (Польша) — "Атромитос" (Грекия)
"Хеугесунн" (Норвегия) — ПСВ (Голландия)
"Риека" (Хорватия) — "Абердин" (Шотландия)
"Вентспилс" (Латвия) — "Витория" (Гимарайнш, Португалия)
"Вадуц" (Лихтенштейн) — "Айнтрахт" (Франкфурт, Германия)
"Партизан" (Сербия) — "Ени Малатьяспор" (Түркия)
"Мальме" (Швеция) — "Зриньски Мостар" (Босния және Герцеговина)
ЦСКА (София, Болгария) — "Заря" (Украина)
"Нефтчи" (Әзірбайжан) — "Бней Иегуда" (Израиль)
"Люцерн" (Швейцария) — "Эспаньол" (Испания)
"Спарта" (Чехия) — "Трабзонспор" (Түркия)
"Университатя" (Румыния) — АЕК (Грекия).

Марин Томасовтың бенефисі:

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: