Жаңалықтар тізбегі
0

Есін жиған Қосанов сұқбат беріп, шынын айтты

Azattyq.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 17:30 Azattyq.org
Тіпті, сайлау аяқталғанға дейін үшінші тараптың менің көзімді құрту жоспары да болыпты - Қосанов.

Сайлаудан соң ауруханаға түсіп қалған ҚР Президенттігінен үміткер болған Әміржан Қосанов БАҚ-тарға сұқбат бере бастады, деп хабарлайды Zakon.kz Мatritca.kz-ге сілтеме жасап.

"Сайлау алды,сайлау кезіндегі үгіт-насихат жұмыстарына жұмсалған екі ай, шынын айтайын, мен үшін оңайға соққан жоқ. Сайлаудан соң ауруханадан бір-ақ шықтым. Дәрігерлер ұйқы қанбағандықтан, көңіл-күйдің құбылмалы болуынан, шамадан тыс жұмыс істеп қойғандықтан жүйкеңіз сыр берген деді. Расында, президент сайлауына қатысу деген оңай нәрсе емес. Көп энергия мен жүйкенің төзімділігін талап етеді. Қазір енді ғана өз-өзіме келіп, ес жиып жатырмын. Енді сайлау нәтижесін қорытындылап, оған өз бағамды беруге дайынмын", - дейді ол.

Сондай-ақ өз сұқбатында Қосанов сайлау қорытындысы толық жарияланып болғанына қарамастан Президент Тоқаевты жеңісімен неге асығыс құттықтағанын да түсіндірді.

"Шынымды айтайын, сайлау болатын күнге 10 күн қалғанда ресми емес инсайдерлік ақпарат көздерінен 9 маусымда көтеріліс жасауға әрекет жасап жатқан адамдар бары туралы білдім. Ал 10 маусымда сайлаудың қорытындысы жарияланатын күн. Орталықта, өңірлерде болатын провокациялық акциялар туралы нақты сөз шықты. Әбіләзов пен соның адамдары ұйымдастырмақ делінді. Тіпті, сайлау аяқталғанға дейін үшінші тараптың менің көзімді құрту жоспары да болыпты.

Сондықтан 10 маусымда сағат 12-де менің жасаған мәлімдемем сәл кешіккенде бәрі кеш болар ма еді? Өйткені сол түні бәрі менің аузымды бағып отырды.

Қазақстан азаматы, саясаткер, Президенттіктен үміткер ретінде менің өмірімде маңызды таңдау тұрды. Сол кезде сайлау нәтижесін мойындамағанымда, онда мен келесі күні сағат 12-де Алматы немесе Астана алаңында сол "бас көтерушілердің" жанында тұруыма тура келуші еді, онда мұны белгі ретінде қабылдап, маған дауыс берген жұрт көшеге лап қоюшы еді. Ал оның арты жақсы болмас еді! Сол кездегі қоғамның көңіл-күйі сұмдық еді. Нешетүрлі жайт болып кетер ме еді. Қан төгілер ме еді. Жан-жақтан провокаторлар шығып, біздің бейбіт шеруімізді, тіпті басқа мақсатта пайдаланар ма еді.

Маған халқымның бас амандығы қажет болды.Тіпті, керемет деген демократиялық мәлімдемелердің өзі қантөгісті ақтай алмайды. Сондықтан да мен осындай шешім қабылдадым.

Енді қазір мені бәрі сынап жатыр ғой. Солай-ақ болсын! Көшеге шығып, өлген жастың анасының қарғысын естігеннен бұл жеңіл шығар.

Оның үстіне ішкі, сыртқы қауіп-қатерлерді де ұмытпау керек. Саяси топтар да ондай мүмкіндікті жібермес еді. Ақыры тәуелсіздік, елдің бүтіндігі дегеннен де айырылып қалуымыз мүмкін мұндай жағдайда. Бұл ойнайтын нәрсе емес", - дейді Қосанов.

Ол дауыс жинауда үлкен рөл атқарған тәуелсіз бақылаушылар тобына ерекше ілтипат білдіріп, алғысын жаудырды.

"Бастысы, бұл сайлау алдыңғыларынан өзгерек болды. Сайлауда тұтассақ, бірдеңе қол жеткізуге болатынын билікке де, халыққа да ұғындындырдық. Бұл – менің осы сайлаудағы жеңісім деп білемін. Оның үстіне осы сайлауда тәуелсіз бақылаушылар тобы деген пайда болды. Соның арқасында саналмай қалған дауыстар қайтадан саналды. Осы процеске ат салысқан жандарға менің алғысым шексіз", - дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: