Жаңалықтар тізбегі
0

Өлгеннен кейін донор болудан бас тарту өтініштерін тіркеу керек – ДСМ

dimnovyn.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 18:09 dimnovyn.com
Халық жаппай 2019 жылдың соңына өтініш жазуы керек деген әңгіме жоқ. Тек қайтыс болғаннан кейін донор болудан бас тартқанын тіркеткісі келетіндер осы қызметке жүгіне алады.

Денсаулық сақтау министрлігі әркімнің өлімінен кейін өз органдарын мұқтаж адамдарға трансплантациялауға келісуге немесе одан бас тартуға құқылы екенін түсіндірді. Өлімнен кейінгі донорлықтан бас тарту процедурасы мен тәртібі енді электронды форматта болады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде барлық қазақстандықтар емханаға келіп, өз мүшелерін өлімнен кейінгі донорлыққа беруге келісетін-келіспейтінін жекелей келіп жазып кетуі керек деген ақпарат таралды. Бұл ақпаратқа қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді.

Министрліктің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Асқар Хорошаш аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Ол Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін өз органдарын трансплантациялауға тірі кезінде ерікті түрде келісім беру немесе одан бас тарту – мемлекеттік қызмет болып табылатынын еске салды. Елде жүріп жатқан цифрландыру бағдарламасына сай, Электронды денсаулық паспортына тиісті баған ​​қосылып, оны электронды форматқа көшіру жоспарлануда.

- Халық жаппай 2019 жылдың соңына өтініш жазуы керек деген әңгіме жоқ. Тек қайтыс болғаннан кейін донор болудан бас тартқанын тіркеткісі келетіндер осы қызметке жүгіне алады, - деді департамент басшысы.

Сонымен бірге, қайтыс болғаннан кейін мүшелер мен тіндерді алуға келісім беру презумпциясы заңда бекітілгенімен, іс жүзінде медициналық ұйымдар марқұмның туыстарынан оның мүшелері мен тіндерін алуға келісім сұрайды. Ал марқұмның туыстарына мұндай шешім қабылдау көбінесе қиынға соғады.

"Сондықтан, адамның өзі тірі кезінде қайтыс болғаннан кейін өзінің донор болатын-болмайтынын шешкені жөн", - деп түсіндірді Хорошаш.

Ал Трансплантология және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Әділ Жұмағалиев елімізде өлімнен кейінгі донорлық рәсімдері заңнамалық деңгейде нақты реттелгенін айтты.

- "Өлімнен кейін донор болудан бас тарту – ең алдымен әр азаматтың жеке құқығы. Дәл қазір өлімінен кейін донор болуға ниет білдірген адам тұрғылықты жеріндегі клиникаға жүгіну арқылы өз мүшелерін ерікті түрде донорлыққа беру құқығын жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, ондай келісімді кез келген уақытта кері қайтарып алуға да болады", – деді ол.

Бүгінде Қазақстанда 2 758 адам органдар трансплантациясына зәру. Бүкіл әлемде жыл сайын шамамен 100 мың мүше трансплантация арқылы ауыстырылып, тіндер мен жасушалар трансплантациясы түріндегі 200 мыңдай операция жасалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: