Жаңалықтар тізбегі
0

Алакөлге жаман су айдаған қонақүй мына дөкейдікі болып шықты

matritca.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2019 18:24 matritca.kz
Алматы облысының әкімдігі лас су Qoqtem Grand Resort бес жұлдызды қонақ үйінен ағып, шығып жатқанын растады. Медиа-порталдың хабарлауынша, бұл кешеннің директоры - Мұрат Әділханов.

Алакөлдегі атышулы "Qoqtem Grand Resort" қонақ үй кешенінің қожайыны кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz BNews.kz-ке сілтеме жасап.

Алдында әлеуметтік желілерде Алакөлге құбыр арқылы ағып жатқан жаман әрі күмәнді судың видеосы жарияланып, бұл елдің ашуын туғызған еді. Ролик авторы бұл келеңсіз жайттың Ақши ауылында болғанын айтқан.

Алматы облысының әкімдігі лас су Qoqtem Grand Resort бес жұлдызды қонақ үйінен ағып, шығып жатқанын растады. Медиа-порталдың хабарлауынша, бұл кешеннің директоры - Мұрат Әділханов. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, ол Алматы қалалық мәслихатының қазіргі депутаты және Мәслихаттағы "Нұр Отан" фракциясының жетекшісі екен.

2003 жылдан бастап Мұрат Әділханов "Koktem Group LTD" ЖШС-ға басшылық жасайды. Ал ол компанияның негізгі айналысатын қызметі - құрылысқа, қала құрылысына инвестициялар салу, сонымен қатар коммерциялық жылжымайтын мүлік саласында жұмыс жасау.

Қонақ үй кешенінің өзі 450 орынға арналған және 5 қабаттан тұратын салтанатты ғимарат. Бұл нысан былтыр ашылыпты. Оған 4 миллиард теңгеден астам инвестиция құйылған.

Сондай-ақ, кәсіпкерге электрлік автобустар шығарумен айналысатын FalconEuroBus компаниясы тиесілі екен.

Мұрат Әділханов - меценат. Журналистер анықтағандай, ол "Нұр Отан" партиясының 20 жылдығына орай Алматыдағы Наурызбай аудандық филиалының кеңсесі орналасқан ғимаратты сыйға тартқан.

Мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік әріптестік тұрғысында оңтүстік астананың әкімдігі "Koktem Group LTD" компаниясымен бірігіп, Медеу ауданына "Сұлусай" шағын фельдшер-акушерлік станцияны салып беріп, оны сыйға тартқан.

Сонымен қатар, ол басқарған компания Әл-Фараби университетінің аумағында орналасқан Триумфалды арка құрылысына демеушілік көрсеткен. Медиа-портал, Алакөлдегі қонақ үй жобасын жасаған Falcon Petroleum компаниясының басшысы Ернар Каппаров екендігін де анықтаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: