Жаңалықтар тізбегі
0

Доллар бағамы 400 теңгеге жетуі мүмкін бе? Сарапшы өз болжамымен бөлісті

REUTERS, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2019 22:55 REUTERS
Оның айтуынша, теңгенің қазіргі құбылмалы бағамы халық пен бизнестің ғана емес, тіпті Мемлекет басшысының алаңдаушылығын тудырып отыр.

1 доллар 400 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін бе? Бұл сауалға қатысты Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығы директорының орынбасары, Tengenomika телеграм-арнасының авторы Олжас Төлеуов өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, теңгенің қазіргі құбылмалы бағамы халық пен бизнестің ғана емес, тіпті Мемлекет басшысының алаңдаушылығын тудырып отыр. Жақында үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшысына күздің ортасына дейін валюта бағамына қатысты мәселені шешіп, керек десе бұған әлемнің үздік сарапшыларын тартуды тапсырған. Бір сөзбен айтқанда, қазір Ұлттық банктің алдында халықты валюта бағамындағы тұрақтылыққа сенімін ояту міндеті тұр.

Өйткені біз қазір қандай да бір қаржы реттеушісінің басшысы немесе топ-менеджерінің кез-келген мәлімдемесі кері әсер тудыруы ықтимал жағдайда тұрмыз. Елдің бәрі елеңдеп, қазір ақшаларын қолға қысып, ақша айырбас пункттеріне жүгіруге әзір отыр. Бұлай болмас үшін, мұның дұрыс еместігін жеткізген Президент осыған қатысты құзырлы органға нақты тапсырма берді. Сондықтан жағдай түзетіледі деген бізде үміт бар.

Алайда, оның айтуынша, өткен аптада сыртқы қаржы нарықтарындағы жағдай күрт нашарлап кетті. Оған Федералды резервтік жүйенің 11 жыл ішінде алғаш рет базалық ставканы 2,5-тен 2,25 пайыз деңгейіне төмендетуі себеп болды. Оның үстіне Федералды резервтік жүйенің басшысы Джером Пауэллдің мәлімдемесі жағдайды одан сайын ушықтырды. Ол базалық ставка әлі көтерілуі мүмкін, бірақ төмендетілуі мүмкін деп екіұдай мәлімдеме жасады. Осы белгісіздік кері реакция тудырып, дамушы нарықтардың валюталары да құнсыздана бастады.

Жығылғанға жұдырық демекші, осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Федералды резервтік жүйе өзін тыңдамай, ставканы қатты төмендетпегені үшін ерегісіп, құны 300 миллиард доллар тұратын Қытай тауарларына жаңа сауда баж салығын енгізді, содан кейін "Скрипаляның ісін" тиек етіп, Ресейге қарсы да жаңа санкциялар енгізді. Салдарынан мұнай бағасының баррелі 60 доллардан төмен түсіп кетті. Сөйтіп ол биылғы жылдың ең төменгі деңгейіне жетті. Мұның бәрі қаржы нарықтарына, әсіресе дамушы елдердің валюталық нарықтарына кері әсер етіп, мәселені қоздырды.

- Егер әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуал әрмен қарай шиеленісе түсетін болса, әрине Ұлттық Банк өз резервтерін сақтау үшін бағаны баяу босатуға мәжбүр болады. Бірақ бұл жерде, менің ойымша, өте маңызды мәселе бар. Бұл арада саяси және әкімшілік факторлар үлкен рөл атқарып кетуі мүмкін. Айттық қой, Мемлекет басшысының өзі Ұлттық банктің халықтың теңгеге деген сенімін қайтарғанын күтіп отыр. Сондықтан, егер теңгенің әлсіреуі жалғасатын болса, онда Президент Әкімшілігі Ұлттық Банктің саясатына риза болмауы мүмкін.

Ал Ұлттық банктің басшылығы өз креслосынан оңайшылықпен айырылғысы келе ме? Сондықтан, жоғарыда айтқандарды ескере отырып, егер әлемдік нарықтағы жағдай нашарлай берсе, онда доллар бағамы 390 теңгеге дейін құлдырайды деп ойлаймын. Егер бәрі қалыпқа түссе, бір доллар үшін 386-388 теңге шамасында болады. Бірақ бір доллар бағамы 400 теңгеге жетеді деп ойламаймын. Шындығында 400 теңге деген санның өзі бір психологиялық белгі іспетті, қоғамның наразылығын танытатын, Сондықтан Ұлттық банк басшылығы оған жол бермейді деп ойлаймын.

Ал әлеуметтік желілерде доллардың 500 теңгеге дейін өсуі болжануда, енді бұл, меніңше тіпті мүмкін емес нәрсе, - деп түйіндеді өз ойын Олжас Төлеуов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: