Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Тұрғымбаев көлігінің алды мен артына екі түрлі нөмір тағып жүр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2019 23:40 zakon.kz
Министр Ерлан Тұрғымбаев Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтармен кездесуге Lexus маркалы қымбат көлікпен келіп-кетті.

Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен кездесуге 50-шақты адам келді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз адамдар еліміздің барлық өңірлерін келді деп хабарлады.

- Сұрақтар көп болды. Мәселен, Павлодар мен Алматыдан қылмыстық істерді заңсыз тоқтатуға қатысты, тергеу жұмыстарына, полиция қызметкерлерінің жұмысына сын айтылды, - деп атап өтті Нұрділдә Ораз.

Сағат таңғы 10.00-де басталған кездесу 15:00-ге дейін созылды.

Ең қызығы, кездесуден шыққан министр журналистердің екі-үш сұрағына жауап берген соң Lexus 570 маркалы көлікке мініп, кетіп қалды. Сол жерде жүрген жұрт оның автокөлігіне екі түрлі нөмір тағылғанын байқап қойды: көліктің алдында 025 AW 01 деген нөмір, артында 046 KZ 01 деген нөмір тағылған екен.

Редакция ІІМ министрлігіне бұл факті жайында түсініктеме сұрап сауал жолдады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2019 23:40

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2019 23:40

, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2019 23:40

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: