Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда құрбандық шалатын орындар белгіленді

islam.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2019 14:31 islam.ru
Шалынған малдың етін түгелдей кедей-мұқтаждарға берсе де болады.

Биылғы жылы Құрбан айт мейрамы 11 тамызда басталады. Соған орай қалалық әкімдік құрбандық шалуға арналған орындарды бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданында "Нұрбереке-555" ЖШС, Алаш тас жолы, 30 ("Рубиком" мен "Әмір" СҮ ортасында), Есжанов А. ЖК, "Жайлау", Алаш тас жолы, Ц 313 көшесі, "Шәушен" ШҚ, а/ж"Астана-Павлодар", 9 км, "Темеш", шаруа қожалығы а/ж Нұр-Сұлтан – Софиевка 7 км құрбандық шалуға болады", - деп көрсетті "Әзірет Сұлтан" мешітінің өкілдері.

Сарыарқа ауданында "Ұлжан" әмбебап базары (бұрынғы "Саянұр" базары), Есіл ауданында "Алтын-Таға" базары Қосшы ауылының алды, ал Алматы ауданында "Метро" СҮ (Нұр-Сұлтан-Қарағанды тас жолы) маңында құрбандық шалуға орындар қарастырылды.

Құрбан айт кезіндегі құрбандық шалу ережелері:

Құрбандыққа шалуға болатын малдар (қой, ешкі, сиыр және түйе) дені сау болуы тиіс

Құрбандық шалғанда малдың басын Құбылаға қаратып өткір пышақты пайдалану қажет.

Бірнеше адам бірігіп те құрбандық шала алады (Қой немесе ешкіні бір адам/бір отбасы шала алады; сиырды бір адам/бір отбасы/бір жанұя, жеті адам немесе жеті отбасы бірігіп шала алады; түйені бір адам/бір отбасы/бір жанұя, жеті адам немесе жеті отбасы бірігіп шала алады).

Құрбандыққа шалынған малдың еті үшке бөлінеді: Бір бөлігін туған-туыс, көршілеріне таратылады, екінші бөлігі – кедей және мұқтаж жандарға таратылады, үшінші бөлігі – өзінің отбасына, бала-шағасына беріледі.

Шалынған малдың етін түгелдей кедей-мұқтаждарға берсе де болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: