Жаңалықтар тізбегі
0

Сарапшы ақша айырбастау пункттеріне енгізілген шектеу неге ұрындыратынын айтты

Ашық дереккөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2019 22:49 Ашық дереккөздерден алынды
Мұндайда ақша айырбас орындарының орнын басатын басқа бір нәрселер пайда болатынына күмәнім жоқ. Ондай күмәнді адамдар сол ақша айырбас пунктінің жанында тұрып-ақ елге құжат көрсетпесе де ақша айырбастап бере беретін болады - сарапшы.

Ұлттық банктің ақша айырбас орындарына қатысты енгізген шектеулері неге ұрындыруы мүмкін деген сауалға сарапшы жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz LS басылымына сілтеме жасап.

Айта кетсек, жақында ҚР Ұлттық банк ақша айырбас орындарына қатысты шектеу енгізетін жобаны жариялаған болатын. Оған сәйкес, енді ақша айырбас орындары енді таңғы 10.00-ден 19:00 уақытына дейін ғана жұмыс істейтін болады. Оның үстіне ақша айырбас орнының 100 млн теңге жарғылық капиталы, оған қоса банк депозитінде кем дегенде 20 млн теңгесі болуы тиіс. Тағы бір қызығы, енді ақшасын айырбастайтын адамнан төлқұжат пен мекен-жай анықтамасы сұралады.

Ақша айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Арчин Ғалымбаевтың пайымдауынша, жаңа өзгертулер қабылданса, нарықтағы ойыншылар қатары күрт сирейді.

"Жұмыс уақытын қысқарту олардың жабылуына тікелей әкеліп соқпайды. Онда тұрған дәнеме жоқ. Ал банк депозитінде 20 миллион теңгесі және 100 миллион теңге көлемінде жарғылық капиталы болуы тиіс деген талап орынсыз. Ондайда ақша айырбас орындарының көбісі заңсыз жұмыс істеуге мәжбүр болады. Мысалы, Алматыдағы, Нұр-Сұлтандағы және өзге ірі қалалардағы ақша айырбастау пункттерінің 30 проценті бұл талапқа жауап бере алмайды, ал аймақтардағысы - 90-95 процентке дейін. Өйткені шотта 20 миллион теңгені ұстау дегенде ешқандай мән-мағынада жоқ қой.Оның үстіне ақша айырбастау пункттерінің барлығы бірдей 100 млн теңге көлемінде жарғылық капиталы бар деп айта алмаймын", - деді ол.

Оның пікірінше, мұндай жағдайда спекульятивтік іс-қимыл одан сайын үдейді.

"Мұндайда ақша айырбас орындарының орнын басатын басқа бір нәрселер пайда болатынына күмәнім жоқ. Ондай күмәнді адамдар сол ақша айырбас пунктінің жанында тұрып-ақ елге құжат көрсетпесе де ақша айырбастап бере беретін болады. Әрине, ондай адамдар адал жұмыс істейді деп үміттенуге болмайды. Мұндай жағдайда клиент ақшасын айырбастау пункттерінен гөрі көбірек қымбатқа сатып алып желінеді, тіпті жалған ақшаға тап болуы да ықтимал. Түсіну керек қой, егер ақша айырбастау пункттері тәулік бойына жұмыс істейиін болса, демек барлық кезеңде сұраныс бар деген сөз ғой. Оған шектеу қоюдың не қажеті бар", - дейді ол.

Ғалымбаев құжатбастылықтан арыла алмай жатқанда ақша айырбастау пункттерінде тағы бір бас ауруды неге қосып бергісі келетіндерін түсіне алмайтынын айтады.

"Біріншіден, адамдардың барлығы валюта айырбастау кезінде жеке мәліметтерін, соның ішінде мекен-жайын беруге дайын емес. Кім де болса қорқады. Екіншіден, бұл клиент пен кассирдің валюта айырбастау кезіне жұмсалатын уақытты ұлғайтады. Құжатты тексеруге, орташа есеппен 10-15 минут кетеді. Яғни кезектегі адам кем дегенге жарты сағат күтіп қалады. Бұл өте қолайсыз нәрсе. Оның үстіне өзге әлеуметтік фактор да бар. Мысалы, ақша айырбастау орнының қызметкерлері 30-40 жастағы адамдар, егер жұмыс уақыты қысқарса, олар далада қалады. Одан соң оларға жұмыс табу оңайға соқпайды. Сондықтан бұл ұсыныс мүлдем орынсыз деп санаймын", - деді ол.

Сонымен бірге ол бұл шара капиталдың сыртқа ағылуын еш тежей алмайтындығын баса айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: