Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасы Ахметжан Есімовті қабылдады

Еlbasy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2019 22:05 Еlbasy.kz
Бұдан бөлек Елбасы қолданыстағы инфрақұрымдар базасы аясында өңірлерде көпсалалы оңалту орталықтарын құру, сонымен бірге жалпыға білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді қолдауда қосымша кабинеттер ашу қажеттігін айтты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Елбасыға "Самұрық-Қазына" АҚ-тың өндірістегі басты жетістіктері мен мен қаржылық көрсеткіштері бойынша мәлімет ұсынылды.

Өз кезегінде Елбасы қордың Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына ат салысу қажеттігін баса айтты.

Бұл арада Қазақстан Тұңғыш Президенті "Қамқорлық" бастамасы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мәселесіне баса назар аудартты.

Бұдан бөлек Елбасы қолданыстағы инфрақұрымдар базасы аясында өңірлерде көпсалалы оңалту орталықтарын құру, сонымен бірге жалпыға білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді қолдауда қосымша кабинеттер ашу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қорына Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің шалғай ауылындағы әлеуметтік жағдайы нашар отбасыдан шыққан талантты балаларға қолдау көрсетіп, олардың дамуына жол ашатын білім беру жобаларын жүзеге асыруды тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: