Жаңалықтар тізбегі
0

Студенттер отрядын жаңғырту керек пе

youthpolicycenter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2019 15:47 youthpolicycenter.kz
Жазда неліктен жастарды Зеренді, Баянауыл, Бурабай секілді туристік аймақтарға жібермеске. Әзір ол жақта қол күші тапшы.

"Еуразия әлемі" пікір-сайыс клубының кезекті отырысы "Еңбек жазы: жастардың жұмылуы. Студентік отрядтардың құрылғанына 60 жыл" тақырыбына арналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясаттанушы Айгүл Омарованың айтуынша, бүгінгі танымал бизнесмендердің көпшілігі студенттік отрядтардың белсенділері болған.

"Отрядтың өмірімен мидай араласып, үлкен тәжірибе жинады. Шынайы өмірмен танысты. Кәсіп қылудың жолдарын білді. Амалдарын тапты. Отрядпен бірге жүріп, еліміздің өңірлерін аралады. Әр өңірлердің ерекшеліктерімен танысты. Қай өңірге қай кәсіп қолайлы екенін білді. Айтайын дегенім, студенттік отрядтар жастардың бойындағы кәсіпкерлік қабілетті ашады. Бұл бүгінгі нарық заманында ауадай қажет", – деді ол.

Дегенмен оның пікірінше студ.отрядтарды бір кезгі келмеске кеткен КСРО-ның тәжірибесіне сүйеніп құрған қателік.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова:

"Мұндай отрядтарды құру үшін алдымен қаржы керек. Демек бұл мәселені Үкімет деңгейінде көтерген жөн немесе инвесторларды тартқан маңызды. Біздің еліміздің аумағы үлкен. Батыстағы жастар Шығыста болмаған болуы мүмкін, немесе Солтүстіктің жастары үшін Түркістан өңірі таңсық. Жастар отряды құрылар болса, олар еліміздің барлық өңірлерін аралауға, бәлкім сол арада тұрақтауға мүмкіндік алар еді", – деген ой айтты.

"Ол үшін адам күшіне мұхтаж аймақтарды айқындап, жастарды солай қарай жөнелту керек. Айталық, жазғы демалыс кезде неліктен жастарды Зеренді, Баянауыл, Бурабай секілді туристік аймақтарға жібермеске. Әзір ол жақта қол күші тапшы. Ешкім 80-90 мың теңге жұмыс істеуге барғысы келмейді. Ал жастар үшін, студенттер үшін бұл көп-көрім табыс", – деді Смирнова.

Ал ғалым Әкімжан Арұповтың айтуынша, қазір КСРО кезіндегідей бәрі орталықтандырылған заман келмеске кеткен. Адам күшіне деген тапшылық та дәл бұрынғыдай емес. Көпшілік кәсіпорындар роботтанған, автоматтандырылған.

"Айтуға ғана оңай. Жастардан құрылған еріктілерді қаржылай кім қамтамасыз етеді? Бұған биліктің қызығушылығы бар ма? Инвесторлар ше, олар не ойлайды? Алдымен осыған бас қатырған жөн секілді", – деді ол.

Өз кезегінде саясаттанушы Рұстам Бұрнашев:

"Бүгінгі жағдай қалай? Сіздер айтып отырған жұмыс берушілер жазғы уақытта студенттерді жұмысқа жалдап, оларға жалақы төлеуге әзір ме? Одан бұрын құлықты ма, ынталы ма? Сайып келгенде студенттік отрядтарды құру туралы ұсыныстар бүгінгі нарықтың экономиканың талаптарымен қайшы келіп отыр. Сосын студенттік отрядтар мен еріктілердің жұмысын шатастыруға болмайды. Еріктілердің аты айтып тұрғандар, өз еркімен келгендер, оларға айлық төленбейді. Ал айлық төленбейтін жерге көпшілік жастардың бара қоюы екіталай деп ойлаймын. Былайша айтқанда, бұл идея утопия. Айлық төленбесе, ешкім біреудің жұмысын тегін істемейді. Одан да студентке ата-анасына көмектесіп, жазғы уақытты тіл үйренгені тиімді емес пе?", – деген пікір білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: