Жаңалықтар тізбегі
0

Н.Нығматулин АҚШ конгрессмендерімен кездесті

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2019 16:10 Мәжілістің баспасөз қызметі
Тараптар халықаралық қауіпсіздік, энергетика, ауылшаруашылығы басқа да салалар бойынша ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин АҚШ Конгресі Өкілдер Палатасы мүшелері Дэвин Нуньес және Рик Кроуфордпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Палата Спикері атап өткендей, АҚШ-пен өзара тиімді жан-жақты байланысты дамыту біздің еліміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Нұрлан Нығматулин Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы қаңтарда Америка Құрама Штатына жасаған ресми сапары екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптесікке серпін бергенін атап өтті. Осы ретте Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалыптасқан сыртқы саяси ұстанымды сақтай отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған стратегиялық бағытты жалғастырып келе жатқанына назар аударды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытудың, соның ішінде халықаралық қауіпсіздік, энергетика, ауылшаруашылығы басқа да салалар бойынша ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Дэвин Нуньес біздің еліміздің көптеген бағыттар бойынша жетістіктеріне жоғары баға берді. Сондай-ақ, елдеріміз арасындағы лаңкестікпен күрес бойынша сындарлы байланысқа көңіл бөлді.

Кездесу барысында Н. Нығматулин парламентаралық ынтымақтастық туралы да сөз қозғап, Мәжіліс депутаттарының АҚШ әріптестерімен заң шығару жұмысында тәжірибе алмасуға ынталы екенін жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: