Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

1 қыркүйекте Алматы мектептеріне 258 мыңнан астам оқушы келеді

Алдын ала жасалған болжам бойынша бірінші класстықтар контингенті 32 мың оқушыны құрайтын болады.

Сурет : almaty.gov.kz12 Тамыз 2019, 17:18

12 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз-орталығында жаңа оқу жылына дайындық туралы брифинг өтті. Қала Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова өзінің сөзінде Алматыда 185 мемлекеттік бала бақшалардың және 204 мемлекеттік мектептер мен 22 мемлекеттік колледждердің бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1 қыркүйекте 1-11 класстарға 258 мыңнан астам оқушы келеді деп күтілуде. Алдын ала жасалған болжам бойынша бірінші класстықтар контингенті 32 мың оқушыны құрайтын болады.

Қазіргі кезде барлық мемлекеттік білім ошақтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал, 2 бала бақшада, 9 мектепте, №9 мектеп-интернатта күрделі жөндеумен қатар сейсмикалық күшейту жұмыстары жүруде. 5 мектептегі жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін бітеді. ББ 4 мектеп пен интернатта жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының оқу-тәрбие процессіне ықпал етпейтіндігі туралы бұйрық шығарған.

Мектептердің барлық оқушыларына оқу құралдары беріледі. Келісімге сай оқу құралдары білім ұйымдарына 2019 жылдың 20 тамызына дейін жеткізіледі. Алматы қаласында биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап жыл сайынғы дәстүрлі «Жүректен – жүрекке» ұраны бойынша «Мектепке жол» акциясы жүруде. Акция 30 қыркүйекте аяқталады.

Барлық мектептерде ата-аналар үшін акцияның мақсаты мен міндеттері айқындалған ақпараттық стенділер жасалған. Акцияны ұйымдастыру мен өткізу жоспарына сәйкес оқу орындары мен аудан әкімдіктерінде қайырымдылық шаралары, ПД ЖПҚ ювенальды полициясының жергілікті бөлімдерімен бірге рейдтер, ірі сауда орындарында оқушылар жәрмеңкелері өтуде. Шараны ұйымдастыруға бизнес-құрылымдар, аз қамтылған отбасы балаларын мектепке дайындауға көмек көрсеткісі келетін мейірімді жандар тартылуда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер