Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев сынға алса да елордадағы ауқымды жоба қайта қолға алынатын болды

Liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2019 20:20 Liter.kz
Әкім бұл арада ақша сырттан емес, іштен алынатынын да баса айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Үкімет дәлізінде елордада жеңіл рельсті (LRT) көліктің тоқтап қалған құрылысына ақшаны қайда алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Барлық нормативті-құқықтық құжаттар үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдында айтып өткендей, біз қытайдың қарызынан бас тарттық, сөйтіп 800 млн доллар үнемдедік", - деді қала басшысы Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Ол бұл арада ақша сырттан емес, іштен алынатынын да баса айтты.

"Біз "Халық банкпен" келісімшартқа отырдық. 500 млн долларды 3 пайыз сыйақы мөлшерімен береді. Ал тағы бір 100 млн долларды Бәйтерек холдингі ұсынады. Биыл жұмысқа кірісіп кетуге бұл ақша жетіп тұр. Таяу арада құнды қағаздар шығарылады. Осы бір процедуралардан өту қалды. Бұл бағытта біз күнде жанталасып жұмыс істеп жатырмыз", - деді Көлгінов.

Айта кетсек, LRT-ның құрылысы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталу жоспарланған болатын. 2020 жылдың жазында пайдалануға берілу керек еді. Жобаның құны - 1 миллиард 887 миллион доллар. Ұзындығы – 22,4 шақырым.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада құрылысы басталып, одан соң тоқтап қалған LRT жобасын сынға алған. Президент бұл өте шығынды жоба екенін айтып, бюджетке көп салмақ салатынын да ескерткен.

"Нұр-Сұлтандағы LRT жобасы сапасыз жоспарлау проблемасына куә болып отыр. Халық үшін ыңғайлы, түсінікті, қолайлы көлік түрінің орнына қымбат тұратын көлік түрі ұсынылған. Сәулетші мамандардың пікірі ескерілмеген деуге болады. Әкімдіктің деректеріне сүйенсек, халық ағымы тәулігіне 146 мың адамға жетеді. Қазіргі уақытта осыған ұқсас маршрут бойынша әуежайдан вокзалға дейін 2 мың адамды құрап отыр. Сіздер жолаушылар ағынын 70 есеге дейін қалай көтерейін деп отырсыздар, маған түсініксіз. Өз шығынын өтей алмайтын жоба үнеме субсидия алып отырады және Үкіметке жүктеме болып отырады деген қауіп бар. Айтпақшы, Астана банкіндегі қытайлық несиенің бөлігі 100 миллиард теңгенің жоғалғанын білеміз. Олар жоқ, жоғалды", - деді президент өз сөзінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: