Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғыз деген қазақ емес. Атамбаев неге "Елбасы" бола алмады

yenicag.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2019 23:26 yenicag.ru
Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды. Қырғызстанда Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевтың қолшоқпары болып қалғысы келмеді.

Қырғызстандағы Алмазбек Атамбаевтың басынан өтіп жатқан жайсыз оқиғаларға қарап, Қазақстанға қатысы бірнеше қорытынды жасауға болады, дейді Досым Сәтпаев forbes.kz-ке берген сұқбатында.

Біріншіден, біз көріп жүргеннен әлдеқайда әділ сайлауда жеңіске жеткен Сооронбай Жээнбеков кезінде өзінің билікке келуіне көмектескендерді саясат сахнасынан алып тастауға тырысты.

Сапармұрат Ниязов өлген соң Түркіменстанда Гурбангулы Бердымухамедов солай істеді, Ислам Каримов кеткен соң бұл тірлікті Өзбекстанда Шавкат Мирзиёев істеп отыр. Кезінде ықпалы зор болған Рустам Азимов, Рустам Иноятов және басқаларды биліктен ығыстырып, орнына өз адамдарын жинай бастады.

Мұның себебі белгілі. Бір жағынан біреуге қарыз болмайды, екінші жағынан өзінің былықтарын білетіндерді болашақта бәсекелес болмауы үшін таптап тастау керек.

Екіншіден, екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды. Қырғызстанда Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевтың қолшоқпары болып қалғысы келмеді.

Бірақ уақыт өте Жээнбековтің өзіне де тақ мұрагерін дайындауға тура келеді. Орталық Азияның саяси аспанында екі күн болмайды, кейін экс-президент Жээнбековтің те жаңа президентпен қырқысып қалу қаупі бар. Қырғызстан Қазақстан емес. Оларда оппозиция мықты, саяси алаң белсенді. Өзіне мықты мұрагер таңдаса ол қазіргі президенттің басына әңгіртаяқ орнатуы мүмкін, әлсіз мұрагер таңдаса – оны революциялық дәстүрлері мықты дамыған қырғыз халқы түтіп жеп қояды.

Үшіншіден, Орталық Азия елдерінде "бұрынғы" болып қалған жаман. Орталық Азияның билеуші элитасы Конституцияны да, барлық заң-құқық аясын өздерінің ыңғайына жазып, түбінде құқық пен заңды ойыншық қылып жібереді. Нәтижесінде биліктен кеткен кезде бұрынғы президенттер тәуелсіз соты жоқ, адам құқығын таптайтын, репрессивті күштік аппаратқа негізделген өз жүйесінің құрбаны болады.

Сайып келгенде, Алмазбек Атамбаевтың өзі де президент кезінде өзінің талай саяси бәсекелесін түрмеге тығып, өз мұрагеріне жол ашып берген болатын. Енді қазіргі президент алдағы парламенттік сайлау алдында саяси алаңды тазартқысы келеді. Жээнбеков те кейін "бұрынғы" болып қалады, ол да нысанаға ілінеді. Оның үстіне, революцияға тап болып, елден қашқан Асқар Ақаев немесе Құрманбек Бакиевпен салыстырғанда, Алмазбек Атамбаев өз тағын өз еркімен тастап, жеңіл-желпі араласса да бәсекелі президент сайлауына кедергі жасамаған Орталық Азиядағы бірінші президент. Мұның өзі бірегей жағдай.

Төртіншіден, Сооронбай Жээнбеков те Алмазбек Атамбаев та Ресейге барып келді. Шілденің алғашқы жартысында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Швейцариядан қайтып келе жатып күтпеген жерден жұмыс сапарымен Мәскеуге ат басын бұрды. Владимир Путиннің өзімен сөйлесті. Сол шілде айында Ресейге Алмазбек Атамбаев та барып РФ президентімен кездесті. Екеуі де өзара кикілжіңде Кремльден қолдау таппақ болды. Соған қарағанда, Орталық Азиядағы саяси элиталардың ішінде Ресейге ең жақыны қырғыз элитасы деуге болады. Оның үстіне, Жээнбековтың бұйрығымен Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйін штурммен басып алу экс-президент Ресейден орала саласымен басталды. Мұның өзі Жээнбековтің алдымен Ресейдің Атамбаевты қолдауға құлық танытпағанына көз жеткізуі керек болғанын меңзейді. Ресейдің Атамбаевты қолдай қоймағанын көрген Жээнбеков бірден өзінің бұрынғы ұстазын тұқыртуға кірісті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: