Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2019 21:22 primeminister.kz
Кеңес барысында биылғы 7 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен "Ақорда" резиденциясында экономикалық мәселелер бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес барысында биылғы 7 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Премьер-Министр Асқар Мамин, Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаев, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев баяндама жасады.

Жиынға қатысушылар отандық тауар өндірушілерді қолдау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тарифтер бағасының өсуін болдырмау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылыту маусымы мен жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы ел экономикасының дамуына салмақты серпін беру мақсатында жаңа тәсілдер ұсынудың айрықша маңыздылығын атап өтіп, бұл үшін Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің және сарапшылар қауымдастығының үйлесімді жұмысы қажет екеніне ерекше мән берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті мәселелерге қатысты жедел шешім ұсынумен қатар алдымызда халықаралық нарықтардағы теріс үрдістерді ескере отырып, экономиканың ортамерзімді келешектегі даму бағдарын айқындау міндеті тұрғанын атап көрсетті.

Соңында Президент азаматтардың тұрмыс сапасының төмендеуіне жол бермеу үшін басты назарды олардың мүдделеріне, халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалуына аудару қажет екеніне баса мән берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: