Жаңалықтар тізбегі
0

18 жастағы алматылық бойжеткенді өгей әкесі жылдар бойы зорлаған

tag24.de, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2019 15:28 tag24.de
Мейрамғазы намаз оқитын, бірақ ешқашан мешітке барған емес.

Алматы тұрғыны сутенерлікпен айналысып, өгей қызын зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда 42 жастағы азаматқа қатысты заңсыз қару-жарақ сақтады, өгей қызын зорлады деген күдікпен тергеу басталды.

Күдікті – Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Жезөкшелерге сутенерлік жасағаны үшін ұсталған оның өзге де қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Травматикалық қаруы болған азамат Шам елінде жихад жасауға дайындалған көрінеді. Ал осы өгей әкесінен 4 жылдан аса зорлық көргенін айтқан бойжеткен қазір психологтардың бақылауында.

Күдіктінің әйелі болса, бұрынғы күйеуінің үйқамақта отырғанына наразы.

Өгей әкемнен зорлық көрдім деген Жәнел оның атын естісе кеудесіне өксік тығылып, тұншығады. Кәмелет жасына толмаған қызды 4 жылдан аса жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген көрінеді. Сұмдық қылмыс туралы осы жылдың көктемінде айтылыпты.

Жәнел, жәбірленуші:

- 13 жасқа толғанымда, алғаш рет зорлады. Оны анама айта алмадым. Екеуі қаншама жылдан бері бірге тұрады, отбасының шырқын бұзам ба деп қорықтым. Ол кезде екеуінің 4 баласы болды. Ал анам үйде жоқта өгей әкем мен кейінгі інім екеуімізді ұрып-соғатын.

Жәнел биыл 18 жасқа толды. Өзінің айтуынша, мектепті үздік бітірсе де, жоғары оқу орнына құжат тапсырмаған. Ешкіммен араласпайды. Себебі, өгей әкесі қарсы. Тек үйде отыр деп бұйырған. Бойжеткеннің арманы - дәрігер болу. Қазір анасына қолғабыс жасайды.

Ал 15 жыл отасқан жұбайынан көңілі қалған Әсел Құрманбекова шарасыз. Бес уақыт намаз оқитын адам мұндай арсыздыққа барады деп ойламағанын айтады. Әселдің екінші некеден 4 баласы бар. Үлкені 14-те, кішісі 5 жаста.

Әсел Құрманбекова, жәбірленушінің анасы:

- Мейрамғазы намаз оқитын, бірақ ешқашан мешітке барған емес. "Аллаға сыйынғанымды жұртқа көрсетудің қажеті жоқ" деп айтатын. 1-2 күн үйге қонбай, жоқ болып кететін. 15 жылдың ішінде нақты не істеп жүргенін айтқан емес. Өткен өмірі туралы сұрасам, жауапсыз қалдыратын. Бірақ отбасын ешқашан аш қалдырған емес.

Өгей әке әйелінің үйде жоқтығын пайдаланып, Жәнелді зорлап отырған. Келіншек күйеуінің өзгеруіне ислам атын жамылғандардың тікелей ықпалы бар, әскери және травматикалық қаруды Сирияда жихад жасау үшін сақтады деп топшылайды.

Әсел аса ауыр қылмысқа қатысы бар бұрынғы күйеуінің енді үйқамақта отырғанына наразы. Тергеу аяқталмаса да отбасының қауіпсіздігі үшін абақтыға жабылсын дейді. Ал күйеуі тұратын үйдің қақпасында құлып тұр.

Әсел Құрманбекова, жәбірленушінің анасы:

- Қазір далаға шығуға қорқамыз. Ажырасқанға дейін 3-4 рет араққа сылқия тойып алып, "Аллаһу акбар!", "Соғыста біздің бауырларымызды өлтіріп жатыр. Ал мен болсам мұндамын" деп басын қабырғаға ұрып айқайлағаны есімде. Оның даусынан балалар үркіп кетті. "Бауырларыма барамын, соғысуға кетемін" дегенді соңғы кезде жиі айтты.

Күдіктіні қамауға қатысты сот шешімі қабылданар сәтте "адам зорлау" бабы есепке алынбаған болып шықты. Тек жезөкшелікпен айналысуға жын-ойнақ орындарын ұйымдастыру және заңсыз қару-жарақ сақтау баптары ескерілген.

Абай Жарылқасын, Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің бас маманы:

- Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні үйқамаққа алу туралы мерзімді 4 айға ұзарту туралы Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы аға тергеушісінің өтініш хаты қанағаттандырылды. Ең алғашында 2 айға осы үйқамаққа алынған. Содан кейін бір айға ұзартылған осы аға тергеушінің өтініш хатымен. Енді 15 қыркүйекке дейін үйқамақта болады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің өгей қызын зорлағанына қатысты іс енді тергеліп жатыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Бұл азаматты біз Қылмыстық кодекстің 309 бабы бойынша жезөкшелікке арналған притонды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартқанбыз. Сонан соң ол азаматтың бірнеше қылмысқа қатысы бар екенін белгілі болды. Яғни заңсыз қару-жарақ сақтау және бірнеше жыл бойы өзінің өгей қызын зорлау деректері бойынша біз тағы да 2 қылмыстық істі қозғадық.

Егер күдіктінің кінәсі сотта толық дәделденсе, 20 жыл арқалауы мүмкін. Ол бұған дейін заңсыз қару сақтағаны үшін 2 рет сотталып, бас-аяғы 10 жарым жыл түрмеде жазасын өтеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: