Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Олар ВИЧ-ті Теңіз кенішінде жұқтырмаған - облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Атырау облысының СПИД орталығының директоры мен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылары кездесу өткізіп, онда жұмысқа қабылданған кезде ВИЧ инфекциясына тексеру жүргізу ұсынылды. Бірақ нормативтік құжаттардың болмауына байланысты ұсыныс қабыл алынбады.

Сурет : Ақ жайық16 Тамыз 2019, 09:53

"Теңіз кенішінде төрт мұнайшының ВИЧ жұқтырғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды". Бұл туралы брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева мәлімдеді, деп хабарлайды Ақ жайық басылымы

- БАҚ-та Орал қаласының СПИД жұқтырған төрт тұрғыны туралы ақпарат жарияланды. Олардың барлығы Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс жасаған делінген. Қазіргі уақытта ауырған төрт науқастың екеуінің Теңізде болғаны анықталды. Олардың қай жерде жұқтырғаны белгісіз, бірақ олар Батыс Қазақстан облысындағы медициналық мекемелерде есепте тұр. Осы факт бойынша тергеу жүргізіледі, оған біз Теңізде жұмыс істейтін дәрігерлерді тартамыз. Вахталық жұмыс кезінде 4 адамның ауру жұқтырғаны туралы мәліметтерді нақтылау үшін БҚО СПИД орталығына хат жолданды, - деп хабарлады Атырау облысының СПИД және ВИЧ-тің алдын алу орталығының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов.

- Жыл басынан бері Атырау облысында ВИЧ індетін жұқтырған 18 жағдай анықталды. Олардың 9-ы ер адамдар, 9-ы әйелдер, - дейді Аймұрзиева.

- СПИД орталығы Теңізде жұмыс жасайтындарды тексеруден өткізе ме?

- Тексеруден өткісі келетіндерді ғана. Атырау облысының СПИД орталығының директоры мен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылары кездесу өткізіп, онда жұмысқа қабылданған кезде ВИЧ инфекциясына тексеру жүргізу ұсынылды. Бірақ нормативтік құжаттардың болмауына байланысты ұсыныс қабыл алынбады. Ірі мұнай компаниялары қызметкерлерінің арасындағы профилактикалық жұмыс СПИД орталығы мен компаниялар арасындағы келісімге сәйкес жүргізіледі. Бұл жұмысты СПИД орталығының қызметкерлері орталық басқармаларда жүргізеді, олар вахталық ауылдарға кіре алмайды.

СПИД орталығының мәліметінше, биылғы 7 айда 54 469 адам ВИЧ жұқпасына қатысты тексерілген. Атырау облысында барлығы 210 тұрғынға ВИЧ диагнозы қойылды.

Оқи отырыңыз: Ұятсыз видео шыққан Теңіз кенішінде тағы бір масқара жағдай анықталды


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер