Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

"Шашбауымды көрдіңіздер ме?...". Атышулы Байзақова желіні тағы шулатты

Төсек, сүйісу деген сахналар да болды ол арада. Бірақ мен одан бас тартқанмын - Байзақова.

Сурет : YouTube19 Тамыз 2019, 11:16

Көп ел ұятсыз деп санайтын Айжан Байзақова өзінің ұяң әрі бейкүнә өмірінің шетін шығарып, желіде сурет жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Менің өткенімді кім біледі дейсіз? Кезінде актриса болғым келіп, анама еріп, түрлі сериалдарға түскен кіршіксіз бейкүнә кезімді.

Бір күні мені Мәскеуге шақырды, киноға түсу үшін. Кастингісінің өзі жарты жыл болды. Қазақстаннан атақты деген актрисалардың барлығы шақыртылды. Бірақ, неге екенін, олар мені таңдапты. Басты рөлге. Режиссер Павел Чухрайдың "Сынақ" деген фильміне. Кино Семейдегі ядролық сынақ туралы, әрине сол трагедиямен қатар жүріп жатқан қос ғашықтың махаббаты туралы болды кино. (Егер осы жазбамды сол кездегі түсірілім алаңында болғандардың біреуі оқитын болса, талып қалатын шығар. Өйткені ол кезде мен өте ұяң едім, шашымда үнемі шашбауым болатын. Мен ұлттық әшекейіммен қатты мақтанатынмын, шашбауымды сылдырлатып, алдарында құлыншықтай секіріп жүруші ем. Төсек, сүйісу деген сахналар да болды ол арада. Бірақ мен одан бас тартқанмын).

Бірақ, өкінішке қарай, бұл жоба аяғына жетпей, желкесі қиылды. Бұл менің өмірімдегі кішігірім трагедия болды. Өйткені мен арманым орындалды, енді бүкіл Қазақстанға танымал боламын деп ойлап алған едім. Сөйтсем өмір маған басқа танымалдылықты даярлап қойған екен ғой). Сонымен таныса отырыңыздар, бұл Сіздер білмейтін Байзақова" деп жазған ол парақшасына жас кезіндегі мына бір балғын суретін қыстырып жіберіпті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер