Жаңалықтар тізбегі
0

Өз қызын зорлап, қашып кеткен ақтөбелікке іздеу жарияланды

rusargument.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2019 20:48 rusargument.ru
Кәмелетке толмаған қызын зорлаған Ахметов Ермек Серікбайұлына халықаралық іздеу жарияланды.

Ақтөбе облысының криминалдық полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасағаны үшін 1983 жылы туылған Ахметов Ермек Серікбайұлы мен 1978 жылғы Заиров Қанат Сексенбайұлын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылғы 27 ақпанда Ахметов Ермек Ақтөбе қаласының Карғалы ауылындағы Мира көшесіндегі пәтерде кәмелетке толмаған қызын зорлап, одан соң да аса ауыр қылмысқа барып, оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті.

Ахметов Ермек Серікбайұлына халықаралық іздеу жарияланды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2019 20:48

Оның белгілері: бойы (орташа) 170-175 см; мығым денелі (тарамыс); беті сопақ; шашы қара, бұйра, мүмкін қысқа кесілген; маңдайы кең; қастар қалың, түзу; көзі қоңыр; мұрны үлкен, қыр мұрынды; ерні жұқа; иегі шығыңқы; құлағы қалқан; сақалы мен мұрты болуы мүмкін.

Іздеу жарияланған екінші күдікті - Заиров Қанат Сексенбайұлы 2019 жылдың 22 шілдесінде Ақтөбе қаласы, Заречный-1 ауылында Магажанский Лесхоз көшесінде бір үйде арақ ішіп, бөтелкелестерімен төбелескен. Төбелес кезінде ас үйдегі пышақты алып, бір адамды өлтірген. Тағы бір адамды аяусыз тепкілеп, оны да пышақтаған. Бірақ ол тірі. Дегенмен ол басынан жарақат алып, миы шалқалған, бетінен түк жоқ, ісіп кеткен, арқасының төрт тұсынан пышақ сұғылған, кеудесі тілінген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеуге алынды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2019 20:48

Іздеу салынған күдіктінің белгілері: бойы (орташа) 170-175 см; сопақ-шаршы бет; шашы қара, бұйра емес, мүмкін қысқа кесілген; маңдайы қысқа; қасы қалың, түзу; көзі қоңыр; мұрыны оң жағына қарай қисық; еріндері дүрдік; иегі шықпаған, құлағы қалқан емес, мұрт-сақал қоя беруі мүмкін. Оң аяғын ақсап басады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: