Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы көк базарда жанжал өршіп тұр

Алматыдағы көк базарда жанжал өршіп тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 13:57 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының ең көне базарларының бірінің сатушылары клиенттерді бөлісе алмай дауласуда. Павильондарды жалға алушылар бәсекелестерді – көше саудагерлерін қуып жіберуге тырысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпкерлер, шатырдағы көше саудагерлері кесірінен кіріс күрт азайды деп шағымдануда.

"Мен мұнда 20 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Ал бұл адамдар шатырларын біздің базардың алдына әкеліп қойды. Сатып алушылар бізге мүлдем жете алмайды. Біздің жалға алуымыз қымбат. Оларға ғимаратта орын ұсынылды, бірақ олар бас тартты. Оларға мұнда сауда жасауға кім рұқсат берді?"Шынар Мошытаева

Айсұлу Масақбаева 18 жылдан бері көк базарда көкөністер мен жемістермен сауда жасап келеді. Бір шаршы метрді жалға алу үшін шамамен 30 мың теңге төлейтінін айтады. Әйел сұраныс төмендегендегендіктен шығынға ұшырадым деп наразы.

Жабайы сауда кәсіпкерлері болса, салықты дұрыс төлейтіндерін алға тартты. Ал клиенттер тауарларды қол жетімді бағаға байланысты таңдайтын көрінеді.

"Бос орындар жоқ. Олардың барлығы сатып алынған. Тек жалдау және қосалқы жалдау бар. Мұнда мен 30 жыл бойы сауда жасап келемін. Менің де несиелерім бар, менің де балаларым, немерелерім бар. Мен де оларды тамақтандыруым керек. Павильондарда бағалар жоғары. Егер 1000 теңге, 500 теңге қосылса, онда кім алады? Ал біз тек 100 теңге қосамыз".Жанна Кәкенова

Өз кезегінде, "КТК" арнасының сюжетінде айтылғандай, әкімшілік өкілдері жабайы саудаға ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдейді.

Бұл көшедегі сауда біздің базарға кедергісін келтіріп жатыр. Базарға келген сатып алушылардың көбісі шағымданады. Өйткені сыртта санитарлық норма сақталмаған. Сондықтан базардың ішінде сауда жасау қажет деп есептейміз, мұнда барлық санитарлық норма ұсталады. Ветеринария қызметі, арнайы сараптама қызметі жұмыс істеп, тексерістен өткізеді.
Ләззат Килибаева, Көк базардың ұйымдастыру бөлімінің басшысы

Аудан әкімдігі стихиялық саудамен күресіп жатқанын айтты. Негізінен-айыппұлдармен.

"Жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындардан тыс жерлерде бөлшек сауданы жүзеге асыруға тыйым салынады. Осылайша, Медеу ауданының әкімдігі полиция басқармасымен бірлесіп күн сайын базар төңірегіндегі заңсыз сауданың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері стихиялық саудагерлерге қатысты 120-дан астам хаттама ресімделді. Бірақ бұл сатушыларды тоқтатпайтын сияқты. Демек, саудагерлер бір аумақта бір-бірімен бірге өмір сүруді үйренуі керек".Қайрат Тұраров, Алматы Медеу ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы

Еске сала кетейік, 2022 жылы базар қызметкерлері басшылық кенеттен жалдау ақысын кем дегенде екі есе арттырды деп мәлімдеген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: