Деревянченкомен төбелескені үшін Головкиннің қанша алатыны белгілі болды

prosports.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2019 18:39 prosports.kz
Головкинге бұл жекпе-жек үшін сегіз таңбалы сандағы ақы кепіл етілген.

5 қазанда орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) Нью-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында жұдырық түйістіреді, деп хабарлайды Zakon.kz Sports.kz-ға сілтеме жасап.

Жекпе-жек DAZN сервисі арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.

The Athletic инсайдері Майк Коппердің мәліметінше, бұл жекпе-жек екі қарсыластың да қалтасын кәдімгідей "қампайтып" береді. Головкинге бұл жекпе-жек үшін сегіз таңбалы сандағы ақы кепіл етілген. Ал Деревянченко туралы айтатын болсақ, оның сыйақысы 5 миллион доллардан кем болмайды. Бұл сома украин боксшының мұқым карьерасындағы ең жоғарысы. Ол бұған дейін ең көп дегенде 500 мың доллар тауып жүрген.

DAZN-мен келісім-шартқа отырған Головкин үш жылда 6 жекпе-жек өткізуге келісім берген. Бұл үшін GGG жалпы көлемі 100 миллион доллар гонорар алады.

Айта кетсек, Геннадий бұл келісімшарт бойынша 8 маусымда канадалық Стив Роллспен жұдырық түйсітіріп, алғашқы жекпе-жегін сәтті өткерген. Ол кезде GGG төртінші раундында қарсыласын сұлатып тастаған (19-1, 10 КО).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: