Жаңалықтар тізбегі
0

82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов 37 жастағы әйелге үйленді

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2019 21:04 sputniknews.kz
Нұрғали Нүсіпжановтың таңдаған жары – Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген.

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Жадыра Сейдешке үйленді. Мұны тойда болған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова растады, деп хабарлайды Sputnik.

"Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің үйленгені рас. Той кеше Алматыда өтті. Оған мен де қатыстым. Той өте керемет өтті. Нұрғали Нүсіпжановтың ең жақын достары болды. Оның ішінде мен де бармын. Оларға тек қана зор денсаулық, бақыт тілеймін", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне тойда болған белгілі актриса Меруерт Өтекешова.

Нұрғали Нүсіпжановтың таңдаған жары – Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген.

Ол Қазақ радиосында, КТК арнасында көп жыл журналист, тележүргізуші болып істеген.

2015 жылы "Жүрекжарды" авторлық бағдарламасы үшін "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты атанды.

Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол - Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

Ашық дереккөздегі ақпаратқа сүйенсек, Нұрғали Нүсіпжановтың бірінші әйелінің есімі – Айгүл. Олар Бибігүл, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар атты бес бала тәрбиелеп өсірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов ағамыз 26 тамыз күні отау тікті құтты болсын ағайын! Мықты болсаңдар 82 жасқа келгенде әйел алып көріңдер. ???? Нұрғали ағам бүкіл қазақ жігіттеріне үлгі болып қара көз қыздарды Қытайға бермеудің бір жолын көрсетті. ____________________________________________ #өміржолы #ғибрат #батыр #қазақелі #отбасы #жұлдыздар #жұлдыз #мағыналысөздер #өмір #қазақ #қазақжастары #жұлдыздар #qazaq #qazaqstan #шындық #жанұя #отбасым #жұлдыздарәлемі #қазақстанжұлдыздары #қазақжастары #жастар #намыс #насихат #қазақтыңтойыбітпесін #қазақтілі #дауыс #үйленутой

Публикация от К.Е.С (@quandyqkz)

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: