Айтпады демеңдер! Ауыл шаруашылығы министрі әкімдерді аяғынан тік тұрғызуда
Ауа-райының күрт бұзылып, оның егін жинау науқанына кедергі келтіруі болжағандықтан, әкімдіктер жиын-терім жұмыстарын тезірек жүргізу шараларын қабылдауы керек, деп мәлімдеді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров үкімет отырысында, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Қазгидрометтің қыркүйек айындағы ұзақ мерзімді ауа-райы болжамына сәйкес, еліміздің батыс өңірінде сынап бағаны 30 ° C-қа дейін көтерілуі, содан кейін біртіндеп 20 ° C-қа дейін төмендеуі және шамадан тыс жауын-шашынның жаууы күтіледі. Мұндай жағдай астықтың пісуіне қолайлы, бірақ егін жинауды қиындатуы мүмкін, - деді Омаров.
Ол осы айда Қостанай облысының солтүстігінде нормадан тыс жауын-шашын жаууы, ал Ақмола облысында керісінше құрғақшылық орын алу ықтималдылығы болжанып жатқанын да жеткізді. Минист осы айдың соңында кейбір өңірлерде қар аралас жаңбыр жаууы да мүмкін екенін ескертті.
- Осының бәрі егіннің жиын-теріміне, бар астығымыздан айырылып қалуымызға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты әкімдер қысқа мерзім ішінде егін жинау жұмыстарын шұғыл жүргізу үшін барлық ұйымдастырушылық шараларды қабылдауы қажет, - деді министр.
Сонымен қатар министр Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне егін жинау мәселесін жеке бақылауға алуын тапсырды.
- Жалпы, жұмыс әдеттегідей штатты режимде жүргізілуде. Егіс науқаны жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану арқылы оңтайлы уақытта жүргізілді. Фермерлер тыңайтқыштарды уақтылы қолданып, арамшөптер мен түрлі дертке қарсы химиялық өңдеуді дер кезінде жүргізді, - деп аяқтады өз сөзін Сапархан Омаров.