Жаңалықтар тізбегі
0

"СЭС рұқсат берген...". Шымкентте оқушылар моншада оқуға мәжбүр

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2019 15:22 видеодан алынды
Ата-аналар жуындының орнын білім ордасына айналдырғанына наразы.

Шымкенттегі "Нұрсәт" шағын ауданының бастауыш сынып балғындары қоғамдық жуыну орыны болған нысанда білім алуда. Бұған шамданған бірлі-жарым ата-аналар баласын алып кетіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

"Шымкенттегі мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары моншада сабақ бастады. Қоғамдық орындағы жуынатын бөлмелер сыныптарға айналған. Бәрі сырланып, мектепке ыңғайластырылыпты. Бөтен иіс те сезілмейді. Бірақ тұрғылықты жұрт өздері талай жуынған орында баласы оқып жатқанын бірі құптағанмен, бірі наразы", - дейді телеарна тілшісі.

Ата-аналар жуындының орнын білім ордасына айналдырғанына наразы.

Рабиға Жұмабаева, ата-ана:

- Баняға кім келіп, кім түспейді, айтыңызшы. Енді нәрестелерді, періштелерді баняға әкеліп оны "учебный корпус" етіп түсіріп жатқаны. Ата-аналар бұған қарсы. Кеше бірден айттым, немеремді алып кетемін деп. Көбісі алып кетеміз деді.

Роза Бабаханқызы, ата-ана:

- Моншаны мектепке айналдырғаны дұрыс болды. Нұрсәтте тұрғын көп. Олар балаларын алысқа тасымай, жақын жерге оқытқысы келеді. Екі қабатты ғимарат. Өз басым қатты қуанып тұрмын. Автобуспен сығылысып жүрмейді сабаққа бару үшін.түсіністікпен қарауымыз керек.

"№ 80 мектеп-лицейде 4 350 бала бар. 1 200 орындық ғимаратқа сыйысуға мәжбүрміз", - деді мектеп басшысы.

Директор ауданда бала саны көптігін айтады. Бірінші сыныптың өзі - 20. Үш ауысымда оқымас үшін ғимарат жалдауға тура келгенін көлденең тартты. Мыңнан астам бала оқитын ғимараттың жалдау ақысы - 2 млн 800 мың теңге, ол жергілікті бюджеттен төленеді. Ал монша Нұрсәттегі жалғыз бос ғимарат көрінеді. Бұған санэпидемиологтар да қарсы емес.

Сәуле Қалыбекова, № 80 мектеп-лицейдің директоры:

- Банядан алдында бұл жер офис болған. Бизнесмендердің офисі болған. Содан соң 1 жылдан астам баня болған. Содан екі жылға жуық бос тұрған ғимарат болған. СЭС бізге кішкене кемшіліктерді айтты. Иә, бізге оқуға болады деді. Олар ылғалдылығын тексерді, ғимараттың биіктігін тексерді. Өздерінің ережесі бойынша сәйкестігін тексерді.

Директордың сөзінше әлі жөнделіп үлгермеген бөлмелер бар. Толық аяқталса мұнда 1,5 мың бала оқи алады. Тек санэпидемиологтардың ескертпе талаптарын орындап үлгерулері тиіс екен. Соның бірі сынып бөлмелерінің әрбіріне қол жуатын орынның болуы.

"Мыңнан астам бала білім алып жатқан ғимаратта спорт залы да жоқ. Дене-шынықтыру сабағын қайда өтетіні белгісіз. Ал үзіліс кезінде балалар ойнайтын алаңшаның түрі міне, цементі ойылып, шаңы шығып жатыр",- дейді монша орнындағы мектепті өз көзімен көрген телеарна тілшісі.

Айта кетейік, Шымкентте 19 мектеп үш ауысымда бала оқытып отыр. Биыл 5 мектеп қолданысқа берілгенмен үш ауысым мәселесі бұрынғыша қалып тұр. Білім басқармасындағылар туындаған қиындық ата-аналардың мектеп таңдауға еркіндік берілгенімен байланыстырып отыр.

Серік Бабақұлов, Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Биылғы жылы осы 19 мектептің 7 мектебіндегі мәселені шешеміз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы үш ауысымды жойып, 2021 жылға дейін жоспарланып отыр.

Мәселе кезең-кезеңімен шешіледі деген білім саласындағылар, тағы 49 мектептің құрылысы жоспарда тұрғанын жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: