Жаңалықтар тізбегі
0

Мықты мемлекеттің мәдениеті де мықты болуы керек

kstnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2019 18:05 kstnews.kz
Шынында соңғы жылдары еліміздегі мәдениет саласы қызметкерлерінің айлық жалақысы көтерілмеген еді.

Парламенттің қос палатасының бірлескен жиынында Қазақстан халқына жасаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аз уақыт бұрын сайлауалды тұғырнамасында айтылған негізгі мақсат-міндеттерге басымдық берді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына құлақ аса отырып, біз өзіміз сайлаған кандидаттың елдік, халықтық мәселеге көңіл аударып, олардың шешудің тиімді тетігін қолға алғандығының куәсі болдық.

Осы тұрғыдан алғанда Мемлекет басшысының Жолдауының мәні мен маңызы расымен де зор болды. Ең бастысы Қасым-Жомарт Кемелұлының көптенген қордалаған ішкі саяси-әлеуметтік мәселелерге ден қоюы көптің көкейіндегісін дөп баса алғанына күмәнім жоқ.

Ал мені Мемлекет басшысының өз Жолдауында мәдениет саласына айрықша назар аударғаны қуантты. Жасыратыны жоқ қоғамдық іс-шаралардың қай-қайсысының бел ортасында жүрген сала қызметкерлеріне жеткілікті деңгейде көңіл аударылмай келді. Сондықтан Президент пәрменімен Үкімет келесі жылы мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруді тапсырды. Сондай-ақ олар бұған дейін білім беру және денсаулық сақтау салалары қызметкерлеріне берілген міндетті әлеуметтік жеңілдіктерді де пайдалану құқығына ие болмақ.

Шынында соңғы жылдары еліміздегі мәдениет саласы қызметкерлерінің айлық жалақысы көтерілмеген еді. Жас мамандарды баспанамен қамту ісі де басы ашық күйінде қалған болатын. Соның есебінен кітапхана мен музей, театр қызметкерлері лайықты еңбекақы төленетін басқа салаға ауысуға мәжбүр болды. Мықты мемлекеттің мәдениеті де мықты болуы керек екенін ескерсек төмен жалақы, әлеуметтік жеңіліктерден тыс қалуы бұл салада кадр тапшылығын туындатып отыр. Сайып келгенде бұл ахуал елдегі мәдениет саласы қызметкерлерінің беделін түсіріп отырғаны да әмбеге аян.

Бір сөзбен айтқан да мәдениет секторында көптен қордаланған осы мәселені шешудің нақты жолының ұсынуы Президент Жолдауының Елдегі ішкі саяси жағдайды мұқият зерделеп барып жарияланған деп баға беруге болады.

Үміт Битенова, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: