Дария Қожамжарова: Мемлекеттің халықтың талабы мен тілегін ескеруі маңызды

ОҚМУ ОҚМУ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған мемлекетті жаңғырту уақыт талабынан туындап отырғаны мәлім.

Бүгінде мемлекетті басқару үлгісі бойынша қалыптасқан бірқатар тұжырымдамалар бар. Атап айтқанда, англо – саксон, роман – герман, мұсылман елдерінің үлгісі және азиялық үлгі. Дегенмен зерттеушілердің барлығы ешқандайда да басқару үлгісін шынайы және оны дәстүрлі үлгі ретінде басқа елдерге енгізе салатын әдіс емес екенін дәлелдеп отыр.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында біздің мемлекеттігіміздің қазақстандық моделін одан әрі нығайтуға жете көңіл бөлгені және оны кеңінен жариялауы көңілге үлкен сенім ұялатты. Себебі мемлекетті басқару ісі, жергілікті ұлт құраушы халықтың дініне, менталитетіне, дәстүріне сай болып, азаматтардың көңіл үдесінен шығуы керек.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған мемлекетті жаңғырту уақыт талабынан туындап отырғаны мәлім. Өйткені қазіргі таңда "Жаңа жария менеджмент", "Ақпаратты үкімет", "Желілік үкімет", "Шағын үкімет" сияқты тұжырымдардың ішіне қазақстандық "Еститін үкімет" тұжырымдамасы да бүгінгі күн талабынан туындап отырған бастама. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы былай деді: "Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.

Бұл бағытта бүгінде бірқатар істер қолға алынды. Атап айтқанда, билік белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін кеңесін құрды. Қоғаммен диалог орнату мақсатында және ротациялық тәртіппен жұмыс істейтін кеңестің бүгін алғашқы отырысы өтті. Елімізді дамытуға және жаңғыртуға бағытталған бастамалар мен ұсыныстарды пысықтау ісіндегі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің атқаратын рөлі зор болатынына зор сенімдеміз.

Мемлекеттің халықтың талабы мен тілегін ескеруі маңызды. Сонда ғана халық пен мемлекет арасында сұхбат орнап, Конфуций айтқанындай "Билеуші әділ билеуші, халық толықтай бағыну" идеясы жүзеге асады. Мұнда халықтың сөзсіз бағынуы – заңға деген құрмет, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың сақталуы, отанға деген сүйіспеншілік және патриотизм.

Шет елдердің тәжірибелеріне негіздей отырып әлеуметтік, этникалық және тағы да басқа шиеленістердің алдын алу, орын алған жағдайда қажетті арнаға бұра білу үшін, халық тығыз қоныстанған өңірлердегі жоғары оқу орындарының жанынан халықтың көңіл-күйі мен сұраныстарын зерделеп отыру мақсатында арнайы зерттеу орталықтарын құру уақыт сұранысы. Аталған орталықтар жаһандану үрдісіне бейімделе отырып, ішкі саяси өзгерістерге әсер ететін халықаралық өзгерістердің салдарын бағамдауға, теріс әрекеттердің алдын алуға және жедел шаралар қабылдауға ықпал етер еді.

Жолдауда Қазақстан Президентінің сайлауалды бағдарламасындағы "халыққа берген уәделерін міндетті түрде орындаймын" деп айтқаны көпшіліктің көңіл үдесінен шықты әрі сенім ұялатты. Ел дамуында маңызы зор құжаттың әлеуметтің әлеуетін арттыруға және тарихы терең Қазақ елінің "Мәңгілік ел" болуына нық қадам жасады.

Дария ҚОЖАМЖАРОВА,

М. Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, ҚР ҰҒА академигі

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз