"Бәйтерек" ғарыш кешені "Назарбаев старты" деп аталатын болады

inbusiness.kz inbusiness.kz
Бұл идеяны Владимир Путин Мәскеудегі көрмені аралау кезінде "Қазақстан" павильонын тамашалағанда айтқан.

Ресей президенті Владимир Путин Байқоңырдағы "Союз-6" және "Союз-5" орташа және жеңіл кластағы зымыран тасығыштарды ұшыруды іске қосатын ғарыш кешенін Қазақстанның Тұңғыш Президентінің құрметіне атауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz Роскосмосқа сілтеме жасап.

Ғарыш кешені "Назарбаев старты" деп аталатын болады.

Бұл идеяны Владимир Путин Мәскеудегі көрмені аралау кезінде "Қазақстан" павильонын тамашалағанда айтқан.

Қазақстан мен Ресей 2018 жылдың 22 тамызында Байқоңырда зымыран тасығыштардың жаңа ұшыру кешені - "Бәйтеректі» құру туралы келісімге қол қойды. Бұл жобаны құру туралы бастама 2004 жылы көтерілген болатын. "Бәйтерек" ғарыш кешені "Союз 5" зымырандарын ұшыруға арналған.

Жаңа кешеннен алғашқы зымыран 2022 жылы ғарышқа ұшып шығады деп жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз