Жаңалықтар тізбегі
0

Рафаэль Надаль төртінші рет US Open жеңімпазы атанды

Eurosport, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2019 18:16 Eurosport
Биыл жүлде қоры $57 млн құрады. Надаль жеңісі үшін $3,85 млн, Медведев $1,9 млн алды.

Теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатының финалында испаниялық Рафаэль Надаль ресейлік Даниил Медведевті тізе бүктірді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Жарыс Нью-Йорктегі Ұлттық теннис орталығының "хард" жабындысы төселген корттарында өтті. Турнирдің бесінші ракеткасы, 23 жастағы ресейлік спортшы Надальден 5:7, 3:6, 7:5, 6:4, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Бұл спортшылардың екінші рет кездесуі. 11 тамыз күні Медведев Надаль Монреальдегі турнирдің финалында қарсыласып, 3:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (АТР) рейтингінде екінші орында тұрған 33 жастағы Надаль US Open чемпионатында осымен төртінші рет жеңіске жетті. Сондай-ақ, ол Roland Garros чемпионатында он екі мәрте, "Уимблдонда" екі рет және Australian Open-де бір мәрте жеңіске жеткен. Осылайша Надаль Үлкен дулыға турнирлерінің 19 мәрте жеңімпазы атанған. Испаниялық теннисші дәл осы көрсеткішпен екінші орынға орналасты. Бірінші орында жиырма мәрте үздік атанған швейцариялық Роджер Федерер тұр.

АҚШ-тың ашық чемпионаты - Үлкен дулыға турнирлері маусымында төртінші әрі қорытынды жарыс. Биыл жүлде қоры $57 млн құрады. Надаль жеңісі үшін $3,85 млн, Медведев $1,9 млн алды. Сенбі күні әйелдер арасындағы сынның финалында 19 жастағы канадалық Бьянка Андрееску америкалық Серена Уильямстан айласын асырған болатын. 2018 жылы ерлер арасындағы жекелей турнирде сербиялық Новак Джокович жеңімпаз атанған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: