Жаңалықтар тізбегі
0

"Ауқаттылар да жүр". Несиесі кешірілгендер тізімінен ши шықты

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2019 19:35 Хабар 24
Ел арасында осы тізімге қалай кіріп кеткенін ұқпай жатқан, сол секілді, керісінше оған неге енбей қалғанын түсінбей жатқан жандар бар. Бұл белгілі бір деңгейде қоғамның түсінбеушілігін туғызып, наразылығын туғызуда.

2019 жылдың 26 ​​маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев өз жарлығымен 250 мың несиесі бар тұтынушының қарызын кешіруді бұйырды. 300 мың теңгеге дейін қарызы бар ол адамдардың көбісі 5 қыркүйекте банктерден несиелерінің толық өтелгені туралы хабарламалар алды. Оларға 1 маусымнан бастап қарызды төлеуге жұмсаған ақшаларын да банк қайтарып берген.

Айта кетсек, банктік амнистиясын мына 6 санатқа жататын Қазақстан азаматтар алды:

- көпбалалы отбасылар, яғни 4 немесе одан көп баласы бар отбасылар;

- асыраушысынан айрылғаны үшін үкіметтен жәрдемақы алатын отбасылар;

- мүгедек баласы бар, бала күнінен мүгедек деп танылған 18 жастан асқан отбасы мүшесі барлар;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;

- жетім балалар;

- кәмелеттік жасқа толмай жатып, ата-анасынан айырылып, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 29 жасқа дейінгілер.

Әрине, мемлекеттің бұл шешімі әлеуметтік осал топқа жататын бұл жандар үшін белгілі бір деңгейде көмек бола алады. Алайда ел арасында осы тізімге қалай кіріп кеткенін ұқпай жатқан, сол секілді, керісінше оған неге енбей қалғанын түсінбей жатқан жандар бар. Бұл белгілі бір деңгейде қоғамның түсінбеушілігін туғызып, наразылығын туғызуда.

Мысалы, "Атамекен" тәуелсіз кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың ұялы телефоны бойынша 115 мың теңге қарызы осы тізім бойынша "кешірілген". Ол бұл ақшаны қамқорлыққа жұмсауға ниетті. Оны өзі масылдыққа қарсы акция деп атағым келеді деп жазады.

"Мен заңды тұрғыда бұл тізімге ілінемін, бірақ моральдық тұрғыда ол ақшаны пайдалануға қақым жоқ. Өз қарызымды өзім төлесем деймін. Мұны масылдыққа қарсы акция деп атаса да болады. Тура мен секілді жағдайға тап келіп, мен секілді ойлайтын адамдар болса, онда шынымен де ақшаға зәру айналысында бір отбасы болар, соған бұл ақшаны берген дұрыс. Өз басым, бұл ақшаны қайырымдылыққа жұмсаймын деп отырмын" деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Ал, керісінше көпбалалы аналардың көбісі бұл тізімге іліне алмай қалып, әр жерде шу шығаруда.

- Жалпы қарызды қайтаруға қатысты оператор (Проблемалық несиелер қоры) әр банкпен және шағын несиелік ұйымдармен келісім жасасты, онда да оператордан бөлінген ақша қарыз алушының несиесін жабуға тікелей бағытталуы үшін.

Қарыз алушылардың тізімін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітті. Ал 26 шілдеге дейін Проблемалық несиелер қоры ақшаны кредиторларға аударды, - дейді банктегілер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: