Жаңалықтар тізбегі
0

Ринат Зайытов қандай партия құратынын айтпай қойды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2019 16:28 видеодан кадр
Бұл ақпаратты баспасөзге айтып беру түгілі кішігірім ортада айтуға болмайды.

Ринат Зайытов әзірге партия ашу жайлы жоспарын айта алмайды. Өйткені кедергілер көбейіп кетеді. Бұл туралы айтыскер "Жас АЛАШ" тілшісіне хабарлаған екен.

"Мен қазір сізге партия ашу туралы жоспарларымды айтып бере алмаймын. Себебі, жоспарымызбен бөліссек алдағы мақсаттардың орындалуына кедергілер көбейіп кетеді. Сондықтан, онымен бөлісу өзім үшін дұрыс емес деп санаймын. Ренжімеңіздер. Ешқандай да толыққанды ақпаратты әзірге бере алмаймын. Жалпы, ондай ақпараттарды баспасөзге айтып беру түгілі кішігірім ортада айтуға болмайды. Оның басқаша тарап кететініне көзім жетті", - дейді айтыскер.

2019 жылдың 10 маусым күні Ринат Зайытов Алматы қаласында саяси партия ашатынын мәлімдеген болатын. Алматы Арена маңына тәуелсіз бақылаушылармен келіп президенттік сайлаудағы заңсыздықтарды жарияламақшы болғанда оны полиция ұстап алып кеткен еді. Сол күні кешке Алматы полиция департаменті алдына жүздеген адам шығып айтыскерді босатуды талап етті. Артынша полиция айтыскерді босатқан. Ринат Зайытов көпшіліктің тарауын сұрады. Алайда, қала көшелерінде автошеру өтіп, ондаған адамды полиция ұстап алып кеткен.

Содан бері айтыскер қоғамдық өмірдегі белсенділігі бәсеңдеп, айтыстан да көрінбей кетті.

"Нұр Отанның" бес айтысы жайлы да бейхабармын. Ешқандай айтысқа әзірге шақырту алған жоқпын. Керісінше, алған айтыстарымнан сызылып қалдым. Мәселен Ақсуат пен Алакөлдегі айтыстардан. Шақыртып жатса қатысамын. Неге қатыспасқа? Себебі, ол "Нұр Отанның" айтысы болсын, басқасы болсын мен үшін өз сөзімді айтатын мінбер. Сондықтан, шақырамыз десе барамын. Бірақ, өздерінің ережесін айтатын болса , мен ондайға қарсымын", - деді айтыскер "Жас АЛАШ" тілшісіне.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: